• Біздің парақшалар:

Сан-Диегодағы Comic-Con 2017: фильмдердің трейлерлері

2017 жылғы 20-23 шілде аралығында АҚШ-тың Сан-Диего қаласында дәстүрлі Comic-Con International фестивалі өтті. Назарларыңызға осы комикс-фестиваль кезінде көрсетілген маңызды деген бірқатар кинофильмдердің трейлерлері мен видеороликтеріне тоқталамыз.

Стивен Спилберг және жазушы Эрнест Клайн "Бірінші ойыншы, дайындал" ("Ready Player One") атты ғылыми-фантастикалық романына негізделген фильмді таныстырып, алғашқы тизерін көрсетті.

Сюжеттегі оқиға жақын болашақта өрбиді. Әлемдік экономика құлдырауда, ресурстардың жаһандық дефициті сезілуде. Дегенмен интернет және ойын мәдениеті керемет дамыған. Солардың бірі - ОАЗИС деп аталатын виртуал әлем. Ойынды құрастырушы Джеймс Хэллидей өлерінің алдында ойынның ішінде жұмбақтар жасырып кетеді. Осы жұмбақты тауып, шешкен ойыншы оның миллиондаған байлығына ие болмақ. Мұраға таласқан адамдар мен компаниялардың шайқасы осылай басталады.

DC Comics конвенция кезінде болашақ жобалары туралы айтты. Олардың ішінде: "Шазам", "Өлімге бәс тіккендер жасағы 2", "Бэтмен", "Қара әділет лигасы", "Флэшпойнт", "Ғажап-әйел 2", "Жасыл шамдар корпусы", "Бэтгерл", "Аквамен" секілді фильмдер аталды.

Сондай-ақ "Әділет лигасының" жаңа ролигі (Сник пик) көрсетілді (прокатта биыл қарашада):

Marvel Studios презентациясында "Құмырсқа-адам мен Сона" (2018), "Капитан Марвел" (2019), "Тор: Рагнарёк", "Қара Пантера" фильмдері туралы баяндалды. 

Халк пен Торды бір сюжеттік желіге біріктіретін "Рагнарёктің" трейлері (прокатта биыл қарашада):

 

Бұлардан бөлек 2018 жылы шығатын "Қара Пантера" ("Black Panther") мен "Кек алушылар: Шексіз соғыс" ("Avengers: Infinity War") фильмдерінің трейлерлері Комик-кон келушілеріне көрсетілген. Онлайнға әлі шыққан жоқ.

Пікірлер