• Біздің парақшалар:

2017 жылғы күздің жаңа сериалдары (ІІ бөлім)

Осы күздің жаңа сериалдары туралы шолуды жалғастырамыз. Бұл бөлікте Marvel комиксіне негізделген екі сериал және АҚШ-тың арнайы жасағы туралы екі сериал бар.

ЕРЖҮРЕК / THE BRAVE 

Америкалық элиталы әскери жасағы туралы теледрама. Сюжетте әлемнің түрлі қатерлі нүктелерінде ең ауыр миссияларды орындаумен айналысатын команда туралы баяндалады. Оларға бағыт-бағдар беріп, бақылау жасайтын – Колумбия округіндегі аналитиктер тобы. 

Сериал NBC арнасынан шығады. Премьерасы: 25 қыркүйек. 

Промо-видео:

 

АРНАЙЫ ЖАСАҚ / SEAL TEAM 

Жоғарыда айтылған жобамен өте ұқсас. Бұнда да SEAL (Теңіз, әуе және құрлық) команда туралы айтылады. Олар АҚШ Әскери-теңіз күштерінің элитасы. Оларға іздеу-құтқарудан бастап диверсиялық операцияға дейін түрлі тапсырмалар жүктеледі. Жасақ тіпті Саддам Хуссеинді ұстауға да қатысқан. 

Бұл сериалды CBS арнасы 27 қыркүйектен бастап көрсетуде. 

Промо-видео:

 

БЕЙАДАМДАР / INHUMANS 

Marvel комиксына негізделген суперқаһармандар туралы телесериал. Жобада Бейадамдар нәсілінің патша отбасы туралы баяндалады. 

Сюжеті Бейадамдар деп аталатын ерекше пенделер жайында. Соңғы кезде оларға қатер төнеді. Олар тұратын Аттилан қала-мемлекетінде әскери төңкеріс болады. Аман қалу үшін патша отбасы қашуға мәжбүр болады. Гаваидан пана тауып, олардың Жерге және оның тұрғындарына деген құрметі артады. Енді Бейадамдар өздері үшін ғана емес, планета үшін де күресуге дайын. 

Сериалдың бастапқы екі сериясы IMAX форматында түсіріліп, 4 қыркүйектен бастап кинотеатрлардан көрсетілді. «Қ.А.Л.Қ.А.Н. агенттері» («Agents of S.H.I.E.L.D.») сериалының арқасында Бейадамдар да Marvel киноғаламының бір бөлшегі болып саналады. Алайда оқиғаларының Марвел кинофильмдерімен байланысы болмайды. 

Алғашқы маусым 8 эпизодтан тұрады. ABC арнасы 29 қыркүйектен бастап шығарып жатыр. 

Ресми трейлер:

 

ЕЛЕСТЕР / GHOSTED

Крэйг Робинсон мен Адам Скотт басты рөлде ойнаған комедия-фантастика сериал. Сюжет бойынша біреуі – профессор-астрофизик, екіншісі – жоғалған адамдарды іздестірумен айналысатын бұрынғы коп. Паранормал құбылыстарды бақылаумен айналысатын мемлекеттік құпия ұйым бұларды жоғалып кеткен агентті іздеу үшін жалдайды. Серіктестер табиғатынан бір-біріне ұқсамайды, біреуі паранормал құбылыстарға сенеді, екіншісі скептик, түрлі тылсым оқиғаларға рационал жасау іздейді.

«Елестер» FOX арнасында 1 қазаннан бастап көрермендерге жол тартты.

Ресми трейлер:

 

ДАРЫНДЫЛАР / THE GIFTED

Marvel комиксіне негізделген, мутанттар туралы жоба. Сериалдың «Х-адамдар» киноәлемімен байланысы болады. Сериалды Брайан Сингердің өзі түсірді.

Сюжет өз балаларынан ерекше қабілет байқаған ата-ана төңірегінде өрбиді. Отбасы жас мутанттардың соңына түскен үкіметтен қашып, жасырын өмір сүруге мәжбүр болады.

"Дарындылар" FOX арнасының эфиріне 2017 жылы 2 қазанда шығады.

Ресми трейлер:

 

Жалғасы бар...

Пікірлер