• Біздің парақшалар:

2017 жылғы қыстың жаңа сериалдары (#1)

Назарларыңызға 2017-2018 жылдың қысында шығатын жаңа сериалдарға шолуымызды ұсынамыз. Шолу бірнеше бөліктен тұрады, бүгін алғашқысы. 

ХЭППИ! / HAPPY! 

Комедиялы-драмалы телесериал аттас комикске негізделген. Сюжетте Ник Сакс есімді өмірі мас болып жүретін бұрынғы полицей туралы айтылады. Ол жалданып кісі өлтірушіге айналады. Сакстың бұлдыраған өмірі қиялдан құрастырылған көгілдір қанатты пырақ пайда болғанда түбегейлі өзгереді. Басты рөлде Американың телеактері Кристофер Мелони ойнайды. 

Премьерасы: 2017 жылғы 6 желтоқсан, Syfy арнасы. 

Ресми трейлер:

 

РЫЦАРЛАРДЫҢ КҮЙРЕУІ / KNIGHTFALL 

Орыс тілді аудиторияда «Падение Ордена» немесе «Падение рыцарей» деп айтылып жүр. Өткір сюжетті драма жанрындағы тарихи тележоба. Сериал 1307 жылы болған оқиғаны баяндайды. Сол кезде Рим папасы Климент V мен Франция королі Филипп IV бастамасымен тамплиерлер қудалауға ұшырап, ұсталғандары тірілей өртелген еді. 

Сюжет тамплиерлер лидері – ержүрек, жауынгер сэр Лэндри төңірегінде өрбиді. Ол Рыцарлар орденін құтқарып қалу үшін христиандардың басты жәдігері – Қасиетті Граальді іздеуге шығады. Басты рөлде – осыған дейін «Қара айна» («Black Mirror»), «Даунтон аббаттығы» («Downton Abbey») сериалдарында көрінген Том Каллен

Премьерасы: 2017 жылғы 6 желтоқсан, History телеарнасы. 

Ресми трейлер:

 

УОРМВУД / WORMWOOD 

Мини-сериал форматындағы докудрама, яғни көркем қойылымдар мен деректі кадрлар қатар қолданылған жоба. Сериалда АҚШ Орталық барлау басқармасының есірткіге және сананы бақылауға қатысты құпия эксперименттері туралы айтылады. 

Оқиға шын өмірде болған. ОББ «Түнгі оргазм» операциясы және «МК Ультра» деп аталатын операциялар жүргізіп, адам санасына психоделиканың әсерін сынаған. Бұл ақпарат 2010 жылы белгілі болды. 

Алты эпизодтан тұратын телешоуда басты рөлдердің бірін Питер Сарсгаард ойнайды. 

Премьерасы: 2017 жылғы 15 желтоқсан, Netflix видеосервисі. 

Ресми трейлер:

 

ЖАН-КЛОД ВАН ДЖОНСОН / JEAN-CLAUDE VAN JOHNSON 

Жан-Клод Ван Джонсон - Жан-Клод Ван Дамм түскен сериал. Бұнда ол өз-өзін ойнайды. Сюжетте кезінде атағы дүркіреген, қазір ортаңқол фильмдерден көрініп жүрген актер туралы айтылады. Көпшілік оны төбелес пен атыс-шатыс кинофильмдердің бұрынғы жұлдызы деп танығанымен, оның жансыз агент екенін ешкім білмейтін еді. Ол осы ісіне қайта оралады. 

Алғашқы эксперимент эпизоды 2016 жылы 19 тамызда шыққан. Бұл концепция сериалға ресми түрде алынды. Продюсерлер тізімінен Ридли Скоттың есімі көруге болады. Сериал Amazon видеосервисіне 15 желтоқсанда шығады. 

Айтпақшы Жан-Клод Ван Дамм өз-өзін осыған дейін де ойнап көрген. 2008 жылғы «Ж.К.В.Д.» деп аталатын фильмде осы сериалдағы рөліне ұқсас образда көрінді.

Ресми трейлер:

 

Жалғасы бар...

Пікірлер