• Біздің парақшалар:

2017 жыл: Қазақстан киносы

2017 жылы Қазақстан прокатында отыз шақты фильм көрсетілді. Әдеттегідей көбі ромком, отбасылық комедия жанрында. Бірегейлігімен ерекшеленгендерден: IMAX форматында түсірілген "Еще один день", алғаш рет музыкалық топтың өмірбаянын көрсеткені үшін "Ninety one", камералы кино стилінде түсірілгені үшін "Неделимое" жобаларын атауға болады. Ал жалпы соңғы жылдары отандық кино өндірісінде бұрын әнші не музыкант ретінде көрінген адамдардың қатысу тенденциясы байқалады. "Слепая любовь", "Оралман из Питера", "Мажоры", "Арман", "Логово", "ZOR" соның мысалы.

Биыл кинотеатрлардан көрсетілген фильмдер:

  1. Алмас қылыш / Алмазный меч
  2. Тағы бір күн / Еще один день
  3. Навстречу мечте
  4. Желіде / В сетях 
  5. Мен сені сүйем, Ақерке / Я люблю тебя, Акерке
  6. Анамды іздеймін / В поисках мамы
  7. Келін де адам баласы / Келинка Тоже Человек
  8. Бәрі де еркектердің кесірінен / Всё из-за мужиков
  9. Наурыз.kz
  10. Соқыр махаббат / Слепая любовь
  11. Танысып қойыңыз, Ибалы / Знакомьтесь, Ибалы
  12. Питерлік оралман / Оралман из Питера
  13. Бір сен үшін / Ради тебя
  14. АЛЖИР 
  15. Біз Сандықтауданбыз / Мы из Сандыктау
  16. Мажоры
  17. Соңғы қалыңдық / Последняя невеста
  18. Ninety one
  19. Оралман
  20. Ана сыйлаған қанат / Крылья, Подаренные Матерью
  21. Мұра махаббат / Любовь по Наследству
  22. Арман / Когда ангелы спят
  23. Брат или Брак
  24. Больше чем кино
  25. Махаббат жайында 100 минут / 100 минут о любви
  26. Апан / Логово
  27. Жалғыз / Она
  28. Неделимое
  29. ZOR
  30. Қазақша бизнес Америкада / Бизнес по-казахски в Америке
  31. Қазақты сүймеуге 5 себеп / 5 причин не влюбиться в казаха

Көп табыс тапқан үздік бес фильм:

  1. Анамды іздеймін / В поисках мамы - ₸264 523 000
  2. Брат или Брак - ₸189 239 400
  3. Келін де адам баласы / Келинка Тоже Человек - ₸131 613 000
  4. Алмас қылыш / Алмазный меч - ₸81 606 000
  5. Арман / Когда ангелы спят - ₸56 807 600

Ескерту: Сандар ашық ақпарат көздерінен алынды. Дегенмен біраз фильмнің табысы туралы деректер белгісіз күйінде қалды. Сондықтан біздің рейтинг объектив болмауы мүмкін.

Енді бюджеті жоғары бес фильмді анықтап көрейік. Бұл тізімге де қолда бар ақпарат негіз болды:

  1. Қазақша бизнес Америкада / Бизнес по-казахски в Америке - $500 000
  2. Анамды іздеймін / В поисках мамы - $400 000
  3. Арман / Когда ангелы спят - $250 000
  4. Апан / Логово - $200 000
  5. Бір сен үшін / Ради тебя - $150 000

Ерекше белсенділік танытқан кино қайраткерлеріне тоқталсақ. Үздік режиссер деп Асқар Ұзабаевты атай аламыз. Биыл оның қолынан 3 көркем фильм шықты: "Ninety one", "Келинка Тоже Человек", "5 причин не влюбиться в казаха".

Белсенді актерлерден Жан Байжанбаев (3), Данияр Алшынов (3), Мұрат Бисембин (3), Тәуекел Мүсілім (3), Данагүл Темірсұлтанова (3) секілді есімдерді атауға болады.

Ең атақты, яғни марапаты көп фильм: "Оралман", реж. Сәбит Құрманбеков. "Қазақфильм" өндірген драма көптеген халықаралық фестивальдарға қатысты. Атап айтқанда:

  • 35 Халықаралық Фаджр кинофестивалі (Иран) - бас жүлде
  • XIII Халықаралық "Еуразия" кинофестивалі (Қазақстан) - бас жүлде
  • XIII Халықаралық мұсылмандар киносы фестивалі (Татарстан, РФ), "Үздік ер адам рөлі" номинациясының жеңімпазы - Дулыға Ақмолда
  • ХХ Халықаралық "Religion Today" кинофестивалі (Италия) - Үздік фильм және тәуелсіз SIGNIS қазылар алқасының арнайы жүлдесі
  • IV Халықаралық "Күміс Ақбозат" кинофестивалі (Башқұртстан, РФ) - ашылу фильмі
  • 66 Халықаралық Мангейм-Хайдельберг (International Filmfestival Mannheim-Heidelberg) кинофестивалі (Германия) - үздік жетістіктері үшін арнайы жүлде

Әлемдік фильмдерді қазақ тіліне дубляждау жұмыстары да жалғасын табуда. Мысалы, биыл 7 фильм дубляждалған. Оның бесеуі "Болашақ" қауымдастығының бастамасымен, біреуі "Қазақфильм" студиясында ("Туған үйім - тірегім") дубляждалса, енді біреуін "Kinotechnologie" дистрибьютор-компаниясы аударып, дыбыстаған ("Айдаһарлардың әміршісі"):

  1. Айдаһарлардың әміршісі / Никита Кожемяка / Повелитель драконов / The Dragon Spell
  2. Алғашқылар дәуірі / Время первых / First Time
  3. Галактика сақшылары. 2 бөлім / Стражи Галактики. Часть 2 / Guardians of the Galaxy Vol. 2 
  4. Көліктер 3 / Тачки 3 / Cars 3 
  5. Өрмекші-адам: Қайта оралу / Человек-паук: Возвращение домой / Spider-Man: Homecoming
  6. Коко құпиясы / Тайна Коко / Coco 
  7. Туған үйім - тірегім / Love you family

Пікірлер