• Біздің парақшалар:

Хичкок vs Арноль Шварценеггер

Киностан оқырмандарына 21 ақпан күні қазақстандық прокатқа шыққан жаңа фильмдер туралы шолуы ұсынады.

Хичкок

Танымал режиссер эксперимент жасап көрмек болады: өзі үшін қалыпты болып кеткен "саспенс" жанрындағы қымбат фильмдерден бас тартып, қарапайым, оның үстіне ақ-қара түсті "Психо" картинасын түсіруге шешім қабылдайды. Көрерменнің шынайы эмоциясын тудырып, нағыз үрей шақыру үшін ол жұмыс барысында адам жанының қараңғы түкпіріне үңіледі, адам психологиясының қыр-сырын меңгереді.

Кино әлеміндегі аңызға айналған тұлғаны туындыда Энтони Хопкинс сомдайды. Фильмге сондай-ақ Джессика Бил, Хелен Миррен, Скарлетт Йоханссон секілді танымал актерлар түскен.

Соңғы шайқас / Возвращение героя

Арнидің оралуы! :)

ФТБ-ның қол астынан кепілге адам алып қашып кеткен есірткі бандасы мен шағын қалашықта шериф болып қызмет етіп жатқан Оуенс атты полиция қызметкерінің арасындағы шайқасты баяндайды. Мексикаға өтпек болған қылмыскерлер шекарада егде тартқан шерифтың күтпеген қарсылығына ұшырайды.

Метро

Ресейлік апат, алашапқын, аттан стиліндегі фильм.

Мәскеу орталығында салынған жаңа ғимараттардың кесірінен метро дәлізінде екі бекеттің ортасынан жарық пайда болады. Жарықтан Мәскеу өзінінің суы ағып, пойыздың жүздеген жолаушысы топан астында қалады. Ағысы қатты су метроны бүлдіріп қоймай, бүкіл қалаға қауіп төндіреді.

Апатқа ұрынған адамдардың ішінде қалалық аурухана дәрігері Андрей Гарин мен оның қызы Ксюша да болады. Гарин аман қалған жолаушыларды құтқармақ болып, апатпен күреседі. Олардың арасында әйелінің ашынасы да бар болып шығады. Гарин бүкіл реніш пен ашуын жеңуге тура келеді. Өйткені ол бұрынғы бақытты өміріне оралу үшін аман қалуы керек.

Біздің сайттағы "Метроның" жеке бетінде, трейлер бөлімінде сіздер "Фильм туралы фильм" атты туынды жайында қызықты видео да көре аласыздар.

Айдаһар қақпасы / Врата дракона

Ежелгі аңызға сәйкес әрбір 60 жыл сайын қатты құмды дауыл тұрып, жер астындағы қазынаға толы Алтын қаланы жер бетіне шығарады. Айдаһар қақпасы қонақүйінде дауылды күтіп қазынаға қол жеткізбек болған адамдар жиналады. Олардың ішінде Қытайдың бір провинициясынан келген император да, басқа провинцияның құпия министрі және кісі өлтіруші қылмыскерлер де бар. Бұлардың барлығы оңай олжаға кенелмек болады. Бірақ қонақүй тұрғындарының ішінде бір-бірінен өш алмақшы ойлары бар адамдардың да болуы жағдайды шиеленістіре түседі.

Ә, фильмде Джет Ли ойнайды :)

Түнеріңкі аспан / Мрачные небеса

6 жасар баланы өзге ғаламның келімсектері алып кетпек болады. Ата-анасы баланы қорғау үшін бәріне де дайын еді.

Үрейлі триллер жанрын сүйіп көретіндерге арналған фильм.

Сатқын / Стукач

Есірткі саудасымен айналысып, түрмеге қамалғалы жатқан ұлын құтқару үшін бас кейіпкер полициямен мәмілеге келеді. Ол есірткі мафиясына еніп, оларды ұстап беруі тиіс.

Дуэйн "Жартас" Джонсонның қым-қуыт экшны апта жаңалығы болмаса, боевиксүйер қауымға ұнайды.

Құрметті киносүйерлер!

Киностан алдын-ала хабарланған, бірақ дер кезінде прокатқа шықпай қалған туындылар үшін жауап бермейді.

Шолу Киностан сайтында жарияланған мәліметтер негізінде дайындалды. Туындыларға қатысты өз ой-пікіріңізді сайттағы фильмнің жеке бетінде қалдыра аласыз.

Сіздерге тек қызықты фильмдер тілейміз!

Пікірлер

  • wh0cd299947 <a href=http://advairdiskus2017.com/>purchase advair</a>