• Біздің парақшалар:

"Оскарға" 90 жыл: фактілер мен рекордтар

Американың кинематография өнері мен ғылымы академиясының сыйлығы, ал 1940 жылдардан бері – «Оскар» деген атпен белгілі марапат – 1929 жылдан бері бар. Марапаттау шарасы 1929 жылдан бастап өткізіліп келеді. Ал құрылған датасы ретінде 1927 жылды айтады.

Луис Барт Майер актриса Хелен Хейске "Оскар" табыстап тұр, 1932 / фото: From Hulton Archive/Getty Images

«Metro-Goldwyn-Mayer» киностудиясының басшысы Луис Барт Майер құрған Америка киноакадемиясы биыл 90 жылдығын атап өтеді. Жылдың басты киномарапаты қарсаңында «Оскар» тарихындағы ең маңызды фактілерді еске аламыз.

Тарихта ең көп номинацияға іліккен алғашқы фильм – «Барлығы Ева туралы» («All About Eve») драмасы. 1951 жылғы «Оскарға» қатысқан бұл картина оның алтауын жеңіп алды. Оның рекордын кейін – 1997 жылы «Титаник», 2016 жылы «Ла-Ла Ленд» қайталады. Айталық номинация саны жөнінен биылғы көшбасшы - Гильермо дель Тороның «Су пішіні» («The Shape of Water») фэнтези-мелодрамасы, ол 13 номинацияға ілікті.

Уолт Дисней сыйлықтарын көрсетіп тұр, 1954 / фото: Los Angeles Public Library

Ал номинацияға ең көп іліккен адам – Уолт Дисней. Кино аңызы «алтын» мүсінді алуға 59 рет үміткер болған, оның жиырма алтысына қол жеткізді. Биылғы номинанттар тізімінен Мэрил Стрипті ерекше атап өту қажет, өйткені ол карьерасында осымен жиырма бірінші номинациясына қол жеткізді, оның үшеуінде жеңіске жетті.

Актерлік номинацияға ең көп іліккен – Джек Николсон. Оның «қоржынында» 12 номинация бар (бас рөл үшін сегіз, екінші план үшін төрт рет). Соның үшеуінде жеңіске жетті. Осы жылы тағы бір рекордсмен қатысып жатыр. «Көрінбейтін жіп» («Phantom Thread») фильмі үшін бағын сынайтын актер Дэниэл Дэй-Льюис Америка киноакадемиясы тарихында үздік еркек рөлі үшін үш рет «Оскар» алған тұңғыш адам. Джек Николсонның жағдайында – үш «Оскардың» біреуі – екінші пландағы рөлі үшін.

Кэтрин Хепберн / Alfred Eisenstaedt—The LIFE Picture Collection/Getty Images

«Үздік актриса» номинациясында ең көп жеңіске жеткен - Кэтрин Хепберн (1934, 1968, 1969, 1982).

«Оскардың» басты 5 категориясы: үздік фильм, үздік сценарий, үздік актер, үздік актриса, үздік режиссер номинацияларының бәрін ұтып алған үш кинокартина бар. Олар: «Оқиға бір түні болды» («It Happened One Night»), 1934 жыл; «Көкектің ұясының үстімен ұшқанда» («One Flew Over the Cuckoo's Nest»), 1975 жыл; «Қозылар үнсіздігі» («The Silence of the Lambs»), 1991 жыл.

Ал «Оскар» саны жөнінен рекордсмен фильмдер мыналар: «Бен-Гур» («Ben-Hur»), 1959 жыл; «Титаник» («Titanic»), 1997 жыл; «Сақиналар әміршісі: Корольдің оралуы» («The Lord of the Rings: The Return of the King»), 2003 жыл. Аталған үш фильм де 11 номинацияда жеңіске жетті. Биыл бұл рекордты қайталау мүмкіндігі «Су пішіні» картинасында бар. Гильермо дель Торо түсірген фильм 13 категорияға ілікті.

«Үздік режиссер» номинациясында ең көп марапатталған – Джон Форд: «Хабаршы» («The Informer»), 1936 жыл; «Қаһар жүзімі» («The Grapes of Wrath»), 1941 жыл; «Менің алқабым жасыл болғанда» («How Green Was My Valley»), 1942 жыл; «Сабырлы адам» («The Quiet Man»), 1953 жыл.

«Оскардың» марапаттау шарасын жүргізуден де рекорд бар. Комик Боб Хоуп осы салтанатты кешті 18 рет өткізіпті. А биылғы кеш қожайыны - Джимми Киммел «Оскарды» екінші жыл қатарынан жүргізбек.

Қосымша оқыңыз

Пікірлер