• Біздің парақшалар:

2018 жылғы көктемнің жаңа сериалдары (#3)

2018 жылғы көктемнің жаңа сериалдарына арналған шолудың үшінші һәм ақырғы бөлігі. Негізгі қамтылған кезең - сәуір мен мамыр.

СИРЕНА / SIREN 

Су перісі туралы аңызға құрылған мистикалық драма. Сюжет бойынша Бристоль айлағында Су перісі өмір сүреді деген халық арасында қауесет тараған. Алайда оны ешкім көзімен көрмеген. Бұл мекенге бейтаныс қыз келіп, ол судағы тіршілік туралы жұмбақтың ашылуына себеп болады.

Алғашқы эпизоды 2017 жылы Нью-Йорктағы Comic Con кезінде көрсетілген екен. Премьерасы Freeform арнасында 29 наурыздан бастап. 

Ресми трейлер:

 

ӨТКЕЛ / THE CROSSING 

Ғылыми-фантастикалық сериал. Сюжет кенеттен пайда болған босқындардың өлі денесі мен соның мәнін ұқпақ болған құқық қорғау органдарының мамандары төңірегінде. Белгілісі – судың жағасынан табылған адам денелері – соғыстан қашып, пана іздегендер. Бір қызығы олар бұл жерге болашақтан тап болған, ал соғыс ошағы – Америка. 

Сериалды жасаушылар «Қылмыскерше ойлау» («Criminal Minds») тележобасына атсалысқан Джей Битти мен Дэн Дворкин. ABC арнасынан 2 сәуірден бастап көрсетілмек.

Ресми трейлер:

 

ЕВАНЫ ӨЛТІРУ / KILLING EVE 

Люк Дженнингс шығармасына негізделген комедия элементтері бар триллер. Сюжетте Виланелла есімді киллер мен оның соңына түскен қауіпсіздік қызметінің қызметкері Ева туралы баяндалады. Екі кейіпкер арасындағы юмор мен экшнға толы текетірес осылай басталады. Екі әйел де ақылды, бір-біріне тартып тұратын жандар. 

Жобаның әзірге екі маусымы болатыны белгілі. Премьерасы: 8 сәуір, BBC America телеарнасы. 

Ролик:

 

ВИДА / VIDA 

Тегі мексикалық апалы-сіңлілі екі қыз туралы теледрама. Сериалда Америка жерінде өз заңымен және өз түсінік-пайымымен тұрып жатқан латынамерикалық қоғамдастықтың субкультурасы жайында сыр шертеді. 

Жоба есею мен достық, туыстық қатынас пен сатқындық тақырыптарын қозғайды. Шоуды жасаушылар қарапайым америкалықтар пен көршілес елден келген өзге адамдардың, яғни екі түрлі әлем өкілдерінің бетпе-бет келуіне көпшілік назарын аудартады. 

Сюжет бойынша анасының өлімін естіген апалы-сіңлілі Эмма мен Лин бұрын тұрғын үйге оралады. Олар өткен шақтарымен, ұмыт болған оқиғаларымен және адамдарымен қайтадан кездеседі. Сондай-ақ қыздар өз анасы туралы бұрын білмеген шындықтың бетін ашпақ. 

Сериал 6 мамырдан бастап Starz арнасынан көрсетіледі. 

Ресми трейлер (18+):

 

ТӘТТІ КҮЙІНІШ / SWEETBITTER 

Стефани Данлердің аттас романына негізделген драма. Алғашқы маусым 6 эпизодтан тұрады. 

Сюжетте Нью-Йоркқа арман қуып келген Тесс есімді бойжеткен туралы айтылады. Пәтер тауып, мейрамханаға официант болып жұмысқа орналасқаннан кейін үлкен қаланың өміріне бейімделе бастайды. Осыдан бастап көңілді, қыдырысқа, секс пен есірткіге толы күндер басталады. Нью-Йорк басты кейіпкер үшін әлі талай сынақ пен мүмкіндік, махаббат пен күйініш дайындап отыр. 

Басты рөлде Элла Пернелл есімді жас актриса ойнайды. Бұның да премьерасы Starz арнасында 6 мамырда. 

Ресми трейлер:

Соңы.

Қосымша:

  1. 2018 жылғы көктемнің жаңа сериалдары (#1)
  2. 2018 жылғы көктемнің жаңа сериалдары (#2)

Пікірлер