• Біздің парақшалар:

Қазақ тіліне дубляждалған шетелдік фильмдердегі қазақша әндер

2011 жылдан бері Голливудтың жиырмадан астам кино- және мультфильмі қазақ тіліне дубляждалды. Олардың басым бөлігі Disney медиагигантына қарасты студиялардың өнімдері. Ал Disney бар жерде ән де бар. Біз Youtube кеңістігінде таралған, қазақша дубляждалған фильмдерде айтылған әндерді жинастырдық. 

Әңгімені Pixar студиясының "Батыл жүрек" ("Храбрая сердцем" / "Brave") мультфильмінен бастасақ. Шотланд халқының көне мәдениетін, намыс пен батырлықты дәріптейтін осы тамаша картинаны қазақ көрермендері жылы қабылдады. Бұған аудармашылар да атсалысты, өйткені сонда шырқалған Мақпал Исабекованың орындауындағы әндер түпнұсқадағыдай жатық, құлаққа жағымды етіп жазылған.

Touch the Sky - Самғайын:

/канал авторы: slobodnousername/

Into the fresh air - Таза ауаға: 

/канал авторы: Lemon Red/

"Джунгли кітабы" ("Книга джунглей" / "The Jungle Book") киноертегісіндегі Балу мен Мауглидің әні балалардың мерекелік шараларында, саяхат-сапарларда орындауға сұранып тұрғандай. Жеңіл, көңілді композиция. Кейіпкерлерді дыбыстаған Сағаділдә Үсібәлиев пен Ақарыс Әшімхан.

The Bare Necessities - Балдай тәтті:

/канал авторы: disney portuguêsfrançais/

"Моана" ("Moana") анимациялық картинасы мюзикл болғандықтан, онда бір емес, бірнеше ән шырқалды. Осы мультфильм үшін қазақ тілінде 11 ән жазылыпты. Солардың бірнешеуін ұсынамыз.

Басты кейіпкер Моананы қазақша сөйлеткен - Назерке Серікболова, әнді де осы актриса орындайды.

How Far I'll Go - Бірақ қайда барам:

/канал авторы: MulTinPuckWerk/

 Су астындағы алып крабтың әнін Сырым Қашқабаев айтады:

/канал авторы: MulTinPuckWerk/

Мультфильмдегі басты әндердің бірін Рүстембек Нұржігіт орындайды: 

/канал авторы: MulTinPuckWerk/

Ал Мауи есімді кейіпкердің әнін белгілі әнші Бүркіт (Айбек Жансейітов) қазақша шырқап берді. Ән You're Welcome - Ризамын деп аталады:

/канал авторы: Disney-Kz FRTNMA/

Жылдың үздік анимациялық фильмі атанып, талай жүлде мен "Оскар" алған "Коко құпиясы" ("Тайна Коко" / "Coco") туындысына келіп жеттік. Бұл да Pixar студиясының мюзиклы. Мексика тематикасын, ырғақты музыканы ұнатасыз ба? Гитаралы латынамерикалық балладаны қазақ тілінде тыңдаудың өзі керемет әсер береді екен.

Айнұр Бермұхамбетова орындайтын La Llorona әнінің біздің тіліміздегі локализациясы:

/канал авторы: Disney Kazakhstan/

Ал шолуымызды "Коко құпиясына" "Үздік ән" номинациясында "Оскар" алып берген"Remember me" - "Ұмытпа сен" композициясымен аяқтаймыз. Қазақ тілінде айтқан Қайрат Баекенов:

 

/канал авторы: Disney Kazakhstan/

Бұлар тек көп шығармалардың бірқатары ғана. Өздеріңіз де байқаған шығарсыздар, біздің тілімізге локализацияланған музыкалық шығармалар да, олардың орындалуы да шетелдік түпнұсқадан кем түспейді. Ал осы шолуға енбей қалған басқа әдемі әндер болса комментарийге жаза отырыңыз.

Ескерту: Материалда пайдаланылған видеоконтент киностудияның ресми аккаунттарынан емес, сол себепті авторлық құқық мәселесіне орай блокталып қалуы мүмкін.

Пікірлер