• Біздің парақшалар:

Ә. Ержановтың "Ласковое безразличие мира" фильміндегі живопись туындыларына сілтемелер

Биылғы 71-ші Канн кинофестивалінде қазақстандық актриса Самал Еслямованың жұлдызы жанғаны белгілі. Ол Сергей Дворцевойдың "Айка" картинасындағы рөлі үшін "Үздік актриса" номинациясында жеңіске жетті. 

Бірақ одан бөлек тағы бір қазақстандық фильмнің премьерасы осы фестивалде өтті. Тәуелсіз кинематографшы Әділхан Ержановтың "Ласковое безразличие мира" картинасы "Ерекше көзқарас" конкурсына қатысты. Фильм жүлде алмаса да біраз шетелдік сыншылар мен басылымдардың назарына ілікті. Әсіресе қазақ маманының кейбір көріністерді живопись туындыларымен байланыстырғаны көп жазылды. 

Шынымен де Ержановтың жаңа жұмысынан бейнелеу өнерінің белгілі жақұттарымен аллегорияны, сілтемелерді кездестіруге болады.

Француз суретшісі Эдгар Деганың "Абсент" (L’Absinthe) картинасына сілтеме

Бельгия суретшісі Поль Дельвоның "Жалғыздық" ("Loneliness") картинасына сілтеме

Эдгар Деганың тағы бір туындысымен ұқсастық. Картинаның екі атауы бар: "Интерьер" немесе "Зорлық"

Ал мына жерден америкалық Эдвард Хоппердің "Таң шапағы" (Morning Sun) картинасына сілтемені көреміз.

Әділхан Ержанов бұның бәрін - қазіргі киношылар арасында мейнстрим болып кеткен "сілтеме үшін сілтеме" тәсілімен қолданбағаны анық. Ол бұндай санаттан емес. Картинаның мәні мен фильмдегі ұқсас кадр - сол сәттегі кейіпкердің ішкі толғанысымен, көңіл-күйімен тікелей байланысты деп болжаймыз. Мүмкін сол мизансценаның жасырын мағынасын ашу үшін де қолданылған болуы мүмкін.

Қалай болғанда да бұл фактілер "Ласковое безразличие мира" картинасын бұдан да қатты күтуімізге себеп болады.

Фильмнің үзінділерін біздің Youtube арнамыздан көруге болады.

 

Дереккөз: facebook.com/partisanskoekino/

Пікірлер