• Біздің парақшалар:

Мокьюментари деген не?

"Мостро" фильмін түсіру барысы

Фильмдерге қанша арнайы эффектілер қоссаң да, қаншама қызыл қырғын көріністер жасасаң да, қаншама күрделі сюжеттер пайдалансаң да — адамдарды таңғалдыру қиын болып барады. Сондықтан, киноиндустрия саласында жаңа жанр дүниеге келді. Бұл "псевдододеректі", яғни жалған деректі фильм деп аталады. 

Жалған деректі фильм — деректі фильмдерге ұқсатып, мистика элементтерін қоса отырып түсірілетін кинематографиялық және телевизиялық жанр. "Мокьюментари" термині алғаш рет АҚШ-та қолданылды (ағылш. mockumentary: to mock "жасанды жасалған", "келемеж ету" + documentary "деректі"). 

Осындай жанрмен түсірілген алғаш толықметражды фильм 1980 жылы жарыққа шыққан болатын. Алайда "камераны дірілдетіп түсіру" тәсілі соңғы ғасырда кең өріс алды. Солардың ішінде "Монстро" фильмін ерекше атап өтуге болады. Бұл фильм әлемдік кино саласында "үлкен жарылыс" жасады. Яғни, көріністердің шынайы болғандығы сондай, оның фантастикалық кино болғанына қарамастан, көрермендердің бойына шынымен өмірде болған оқиға секілді сенім ұялатты. 

Содан кейін осы жанрдың сәтті өнімдері ретінде, әрине "Паранормал құбылыс" сериясымен шыққан фильмдерді атауға болады. Бұлар соңғы 2-3 жылда бірінен соң бірі шығарылды. Және бәрі де үлкен жетістікке қол жеткізді.

Оның басты ерекшелігі, оның бір камерамен, әуесқой видео тәрізді түсірілетіндігінде. Сондықтан да ол "дірілдеген камера әсері" деген биресми атауға ие. Фильм көп ақшаны, көп уақытты қажет етпейді екен. Есесіне, жоғарыда аталған фильмдер көрсетілім кезінде әлемдік прокаттың көшін бастаған. 

Бұндай фильмдер алдын ала жарнамаланбайды, "фильм" деп айтылмайды. Кино басталмас бұрын "Бұл камера Пәленше деген жерден табылды" немесе "Болған оқиға" деп жарияланады. Аталған айла-әрекеттер фильмнің анағұрлым шынайы болуына үлкен септігін тигізеді. 

Соңғы уақытта мокьюментари тәсілі комедия жанрындағы картиналарға да қолданыла бастады.

Пікірлер