• Біздің парақшалар:

2018 жылғы Қазақстан киносы: сандар, үздіктер, көрсеткіштер

2018 жылы елуге жуық қазақстандық кинофильм прокатқа шықты. Жанр жағынан әдеттегідей мелодрама мен ромком бағытындағы картиналар басымдыққа ие. Дегенмен аталған жылы хоррор/үрейлі кино саласында аздап қозғалыс бар екенін байқауға болады.

Атап айтқанда "Проявление", "Во мраке", "Qarakoz" деген осы жанрда үш фильм жарық көрді. Сонымен қатар анимация саласында да ілгерілеу бар. "Қазақфильм" киностудиясының "Мұзбалақ", "Күлтегін" атты екі мультфильмі шықты. Бір жылда осындай жиілікпен анимациялық картина шығару отандық кинода бұрын-соңды болған емес.

Енді статистикаға кезек беріп, сандарды сөйлетіп көрейік.

Кассалық түсімі жөнінен үздік ондық:

  1. Қазақша бизнес Африкада / Бизнес по-казахски в Африке - 573 883 750 теңге
  2. Құдалар - 390 617 555 теңге
  3. Бизнесмендер / Бизнесмены - 195 559 200 теңге
  4. Ұлы дала комедиясы - 183 463 410 теңге
  5. Мен күйеумін! / Я - жених! - 161 742 400 теңге
  6. Гудбай, мой бай - 146 089 950 теңге
  7. Таиландтағы каникул / Каникулы в Таиланде - 127 101 927 теңге
  8. Сиситай - 99 408 465 теңге
  9. Әміре / Amre - 74 803 200 теңге
  10. Свадьба.kz - 73 028 323 теңге

*Рейтинг "Меломан" компаниясы, "Тикетон" онлайн билеттер сервисі таратқан деректер негізінде жасалды. 

Бюджеті жоғары он фильм:

*Доллардағы сандардың теңгедегі шамасы: 1 доллар - 383 теңге бағамымен есептелді (03.02.2019).

*Жоғарыдағы тізімді абсолют көрсеткіш деп қабылдауға болмайды. Өйткені бірқатар фильмдердің бюджеті ресми хабарланған жоқ. Мысалы, "Қазақша бизнес Африкада", "Елбасы Жолы. Астана" секілді ірі жобалардың өндірістік шығыны әзірге белгісіз.

*Фильмдердің бюджеті туралы мәліметтер ашық ақпарат көздерінен алынды.

Өзін ақтаған және үстеме табыс әкелген фильмдер:

Табыс былай тұрсын, өз шығынын ақтаған фильмдер кемде-кем. Бұл қазіргі кезде Қазақстан киносындағы басты проблемалардың бірі және бұл тенденция әлі де сақтала беретін шығар.

Үстеме табыс тұрғысынан келсек Нұртас Адамбайдың "Құдалар" комедиясы бәрінен озық тұр. 240 мың доллар, теңгеге шаққанда шамамен 92 миллионға түсірілген картина кем дегенде 390 миллион теңге табыс тауып отыр. 

Одан кейінгі орында да Нұртас Адамбайдың "Мен күйеумін!" комедиясы тұр. Фильм елу миллион долларға түсіріліп, прокаттан 161 миллионнан астам пайда тапқан.

"Гудбай, мой бай" фильмін де осылардың қатарына қосуға болады. Комедия үстеме табыс әкелген жоқ, бірақ өз шығындарын жапқан тәрізді. Оның өндірістік бюджеті 200 мың доллар (шамамен 77 миллион теңге) деп айтылды, жиынтық түсімі 146 млн теңге.

*Бұл жерде де ескере кететін жайт бар: көп фильмдердің бюджеті туралы дерек жоқ. Сондықтан да үстеме табыс туралы толық картинаны жасау мүмкін емес.

Ең белсенді тұлғалар:

Режиссерлер арасынан Мұрат Бидосовтың, Нұртас Адамбайдың, Ернар Нұрғалиевтің, Серікбол Өтепбергеновтың, Қанағат Мұстафиннің, Әнуар Матжановтың және Ақан Сатаевтың еңбегін ерекше атап өту қажет. Сериалдары мен кинофильмдерін қоса алғанда осы қайраткерлер әрқайсысы үшеуден фильм түсіріпті.

Актерлерден Төлепберген Байсақалов пен Ғани Құлжанов бәрінен озып тұр. Екі актер де былтыр жеті жобаға түскен. Жан Байжанбаевтың қатысқан жобасы – 6. Одан кейінгі орындарда Бауыржан ҚаптағайДархан СүлейменовДулыға АқмолдаСанжар МәдиАзиз БейшеналиевРайхан ҚалиолдинаАсан МәжитШәріп Серік секілді актерлер. Барлығы да бес кинофильмге немесе телефильмге түсті.

2018 жылдың отандық кино туралы картинасы осындай. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда сан жағынан, көрсеткіш жағынан аздап болса да динамика бар екені байқалады.

Пікірлер