• Біздің парақшалар:

Интернационал апта

Наурыздың 14-не тап келген қазақстандық премьералар анау айтқандай атақты дүниесімен мақтана алмаса да, бір әу дерлігі бар фильмдерін алға тарта алады. Оның үстіне бұл апта интернационалдығымен де ерекше: тізімнен сіз дәстүрлі голливудтық фильдермен қатар, АҚШ-Үндістан жобасын да, германиялық ертегіні де, франциялық комедияны да, жапондық байопикті де көре аласыз. Киностан сіздерге жаңа туындылардың шолуын ұсына отырып, кинотеатрдан шыққан соң келетін ой-пікірлеріңізді біздің сайтқа жазуды ұсынады.

Адмирал: Ямамото Исороку / Атака на Пёрл-Харбор

Перл-Харбор... Екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбындағы фильмдерді ұнататындар аттас фильмнын бастап, Жапония мен АҚШ арасындағы шайқастар туралы біраз дүниені қаузағаны анық. Ендеше, «Адмирал: Ямамото Исорокуды» жіберіп алмаңыз.

Жапония тұрғысынан түсірілген фильм АҚШ-қа соғыс ашуды қолдамаған, алайда император шешім қабылдаған соң, Перл-Харборға шабуыл жасау операциясын ойлап тапқан адмирал Ямамото Исорокудың өмірін суреттейді.

Америка флотын үлкен шығынға ұшыратқан, жапондықтар қатты құрметтейтін тұлға туралы фильмді көруге кеңес береміз.

Мама

Соңғы кезде трендке шыққан актриса Джессика Честейн «Мама» атты үрейлі триллерге түсіпті. Режиссері... Гильермо дель Торо! Иә, иә, еуропалық «Фавн лабиринтін» түсіріп, АҚШ киноиндустриясын ауыр соққыға жыққан маман.

Ормандағы ескі лашықтан екі кішкентай қыз табылады. Белгісіз себептермен олар бес жыл бойы аман-есен өмір сүріп келген. Жетім қыздарды туыстары асырап алады. Алайда, олар қыздардың жалғыз емес білмейді. Қара түнектен олардың анасы келеді...

Үрейлі, ә? :)

Қызыл таң / Неуловимые

Иек артар болашақ. Қарудың жаңа түрі жаудың күшін ұлғайтып, тіпті ірі державаларды оның алдында қауқарсыз қылып отыр. Соғыс барлық жерді шарпиды. 8 қыз-жігіттен құралған американдық топ күш біріктірмек болады. Олар "Құну" деген қарсылық тобын құрады. «Құнудың» ептілігі мен ерік-жігері жерді үшінші дүниежүзілік соғыстан аман қалуға мүмкіндік бермек.

Фильмде басты рөлдердің бірін ТорКрис Хемсворт сомдайды.

Кайра / Переполох на районе


Париждің кедей аудандарының бірінде тұратын үш кейіпкер келеңсіз оқиғаға тап болып, жергілікті авторитет Ворнерге борышкер болып шыға келеді. Тез ақша үшін достар порнофильмге түспек болады. 

Франциялық комедия. No comments.

Ра. Бір / Случайный доступ

Мұндай Шах Рукх бұрын-соңды болмаған. Қазақстандық үнді киносының, Кханның фанаттары қуана берсе болады, «Ра. Бір» отандық кинопрокат желісінде сирек шығатын үнділік фильмдердің бірі ретінде ғана емес, АҚШ-тың қатысуымен түсірілген фантастика болған соң да қызықтырмақ.

Фильм Майамиде тұратын Шекхар есімді бағдарлама инженерінің басынан кешкен оқиғаларды суреттейді. Ұлымен ортақ тіл табу үшін, ол RA.ONE деген зұлым кейіпкері бар видео ойын жасап шығарады...

Лағыл кітап / Таймлесс. Рубиновая книга

Лондонда тұратын он алты жасар Гвендолин Шеферд бірде өзінің уақытқа сапар шеге алатынын біледі. Бұл қасиет арғы әжесінен берілген екен. Енді қыз күн сайын өткен шаққа саяхаттай бастайды. Бірақ жауабы жоқ сұрақтар да көбейе түседі. Қыз "Он екінің құпиясы" деген ұғымды естиді. Уақыт саяхатшыларының ізіне әлдекімдер түсіп жүргенін біледі. Осындай жұмбақтардың бәрі шытырман да қауіпті оқиғаларға алып келеді.

Германиялық фэнтези :)

Қоңырау / Тревожный вызов

Фильмде 911 колл-орталығының операторы туралы баяндалады. Бірде оған маньяктың құрбаны болған жас қыздан қоңырау келеді. Оператор қызды құтқарудың жолын табуы керек.

Басты рөлде теңдессіз Холли Бери.

Құрметті киносүйерлер!

Киностан алдын-ала хабарланған, бірақ дер кезінде прокатқа шықпай қалған туындылар үшін жауап бермейді.

Шолу Киностан сайтында жарияланған мәліметтер негізінде дайындалды. Туындыларға қатысты өз ой-пікіріңізді сайттағы фильмнің жеке бетінде қалдыра аласыз.

Сіздерге тек қызықты фильмдер тілейміз!

Пікірлер