• Біздің парақшалар:

Сізге ұнайтын 10 мультфильм

Анимациялық туындылардың біздің өмірімізге дендеп еніп, бұрынғыдай тек кішкентай көрермендерге ғана емес, ересек көпшілікке де қызықты болатын сипат алғанын жақсы құбылыс деуге болады.

Қуаныш, сүйсіну, аяныш туғызу, риза болу, күлу, көзге жас келтіру - осы сезімдердің бәрін бүгінгі күннің анимациялық мамандары сіз бен бізге толық сыйлай алады.

Киностан өз оқырмандарына аса үлкен шеберлікпен түсірілген 10 қысқаметражды мультфильмды ұсынып отыр.

Құстар үшін (О птичках / For the Birds), 2000 жыл, Pixar

Кинокомпанияның ең танымал қысқаметражды туындысы деп айтуға болады. Үшминуттық анимациялық роликтің қанжығасында анау-мынау емес "Оскардың" өзі бар ("Үздік қысқаметражды анимациялық фильм" номинациясы). Айтпақшы, "Көліктер" мультфильмінде Мак электр бағаналарының жанынан өткенде осы құстарды көруге болады :)

Оркестр-адам (Человек-оркестр / One Man Band), 2005, Pixar

"Көліктермен" қатарласа шыққан және кинотеатрларда оның алдында көрсетілген музыкалық анимация. Pixar-дың өзге де көптеген туындылары секілді "Оркестр-адамда" да сөз орнына музыка мен пантомима берілген. 

Джеридің ойыны (Игра Джери / Geri-s Game), 1997, Pixar

"Құстар үшін" секілді бұл да дәл сол номинация бойынша "Оскар" алды.

"Фликтің басынан кешкендерінің" алдында көрсетіліп отырылған бұл фильм Джери атты қарттың күзгі саябақта өз-өзімен шахмат шайқасына түскенін суреттейді.

Банан, 2010, Universal

"Мен жексұрынмын" толықметражды мультфильміндегі кішкентай сүйкімді миньондар есіңізде шығар, жақсы көретін боларсыз? Ендеше "Бананды" көріңіз. Бір жемістің соңынан шам алып түскен миньондар жақсы көңіл-күй сыйлары сөзсіз.

Көшпелі бұлтты (Переменная облачность / Partly Cloudy), 2009, Pixar

"Жоғары" мультфильмінің алдында көрсетілген "Көшпелі бұлтты" анимациясы аяныш туғызады.

Күні бойы аспанда бұлттар кішкентай сәбилерді, күшіктер мен мысықтарды жасап, құтандар арқылы жерге жіберіп отырады. Алайда Гас атты бұлттың құсы Пектің көрмеген құқайы қалмайды.

"Күн мен түн" (День и ночь / Day & Night), 2010, Pixar

"Оскардан" дәмелі болған 2D және 3D элементтері бар мультфильм. Кездесіп қалған Күн мен Түн әуелі де бір-біріне сенбестікпен қарайды...

"Майктың жаңа көлігі" (Новая машина Майка / Mike’s New Car), 2002, Pixar

Pixar-дың сөз қосқан және бұрынғы кейіпкерлерін қатыстырған алғашқы туындысы. Әңгіме "Құбыжықтар корпорациясының" бас кейіпкерлері Майк пен Саллидің жаңа көлікке отырғандағы басынан кешкен оқиғалары жайлы.

Ұрланған (Похищение / Lifted), 2006, Pixar

Стю атты бөгде ғаламшарлық адамдарды ұрлау бойынша емтихан тапсырып жатады. Алдындағы сансыз түйменің қайсысын басу керектігін білмеген ол сынақ нысанасына түскен фермердің ит-сілікпесін шығарады.

Фильм "Рататуйдың" алдында көрсетіліп, "Оскардан" үміткер атанды.

Престо (Presto), 2008, Pixar

"ВАЛЛ-И" мультфильмінің алдында көрсетілген анимация Престо Диджиотаджиони атты сиқыршы мен Алек Азам деген қоянның сахнадағы текетіресін суреттейді.

Ай (Луна / La Luna), 2011, Pixar

"Батыл жүрек" мультфильмінің алдында көрермендерге ұсынылған тамаша туынды.

Құрметті оқырмандар, өздеріңіз ұнатқан мультфильмдер туралы пікір ретінде жаза отырсаңыздар болады :)

Пікірлер

  • тек біреуін ғана көрген екенмін, "Құстар үшін"-ді,