• Біздің парақшалар:

Атақты фильмдердің шынайы келбеті

Адамзат прогресі алға басқан сайын киноиндустрия да көрермендерді жаңа әдіс-амалдарымен, көріністерімен сүйсінтіп, таң қалдыруда. Киностан оқырмандарға businessinsider ресурсы жариялаған мақаланы аударып ұсынып отыр.

Визуалды эффектілер жасаумен айналысатын Rhythm & Hues студиясы осы жылы "Оскар" алған "Пидің өмірі" фильмін мына бір түсініксіз көріністен...

... Тынық мұхиттың қиыр-шетінде бенгал жолбарысымен бетпе-бет қалған адамы бар қайықтың кадрын жасап шығарды.

Жолбарыспен болған кадр...

... түсірілім кезінде мынандай болған екен:

"Кариб теңізінің қарақшылары" фильміндегі Дейви Джонс пен оның командасы толықтай дерлік компьютерлік жұмыстың нәтижесі.

Актерлар гримсыз және арнайы костюмсыз түскен.

"Келу нүктесі 5" фильміндегі көпір...

... арнайы эффектілерсіз сондай бір қорқынышты емес.

"Трансформерлардағы" Оптимус Прайм экран бетіне шықпай тұрып...

... компьютерде сурет түрінде сызылып алынған.

"Қимылды ұстау" және өзге де визуалды эффектілерсіз "Қарақу" фильмінде...

... Натали Портман жай ғана балерина болар еді.

Визуалды эффектілерсіз "Алиса ғажайыптар әлемінде"...

... ғажайыпсыз қалар еді.

"Аштық ойындары" фильміндегі 3D-сенсорлы экрандар да...

... жап-жасыл, теп-тегіс болар еді.

"Кек алушылар" фильмінде Халк шынайы көрінуі үшін Марк Руффало арнайы қондырғылары бар костюм киіп жүруге мәжбүр болды.

Тек осыдан кейін барып қана арнайы эффектілер тобы 3D компьютерлік графикада Руффалоның қимылын былай өзгертіп...

... мынандай нәтиже алған.

"Кек алушылардың" түсірілім жұмыстары да Нью-Йоркта өтпепті.

Көп дүниені үлкен жасыл экранның фонында түсірген.

Тек соңғы күндері ғана Нью-Йорктың панорамасы тікұшақтан түсіріліп алынған.

Содан кейін қаланың жиырма кварталының 3D-моделі жасалды.

"Кек алушыларда" Скарлетт Йоханссонның ұшатын жері де...

... арнайы эффектілерсіз сондай қызық көрінбейді.

"Қара батырдың оралуының" түсірілімі кезінде стадионда 80 мың жанкүйер болған жоқ, әрине...

Статистердің шағын тобы компьютердің көмегімен бүкіл стадионды "толтырып" шықты.

Ал жарылған алаңға келетін болсақ: Нолан мен оның командасында мұндай құрбандыққа баруға қажеттілік болмады.

Түсірілім кезінде сондай бір қорқынышты көрінбейді:

Алаңда шағын подиум құрылып, оның әр жерінен шұңқырлар жасап қойған. Актерлар құлайтын жер ретінде.

Ал қалған жердің бәрін компьютерде салып шыққан.

Ақпарат көзі businessinsider.com

Пікірлер