• Біздің парақшалар:

Торренттегі қарақшылық фильмдердің табысына әсер етпейді

АҚШ-тың Миннесота университетінің және Уэллэсли колледжінің мамандары қызық зерттеу жүргізді. Файл алмастыру желілері мен торренттердің заманына дейінгі кассалық түсімдердің статистикасын тексеріп, олар Интернеттегі видеоқарақшылық американдық фильмдердің өз отанында пайда табуына ешқандай кедергі келтірмейтінін анықтады.

Ғалымдардың зерттеу қорытындыларына сәйкес, АҚШ-тың тұрғындары кинотеатрға бару салттарын еш азайтпаған, ал қарақшылықпен фильмді залдан көруге құлқы жоқтар ғана айналысады. Сондықтан олардың кассалық жиындарға ешқандай әсері жоқ. Ғалымдардың айтуынша, киностудиялар мен кинопрокатшылар қарақшылық Американың ішкі нарығына елеулі ықпал етіп отыр деп қателеседі.

Ал Солтүстік Америкадан тысқары жерлер үшін прокат мәселесі сәл басқашалау. Голливуд студиялары торренттер пайда болғаннан кейін сыртқы прокаттан шынымен де қаржы жоғалта бастапты. Бірақ ондай шығынның өзі американдық премьера күні мен халықаралық премьера күні арасында біршама айырмашылық болғанда ғана келеді. Бір фильмнің екі континенттегі жарыққа шығу күніндегі айырмашылық неғұрлым алшақ болған сайын, өзге елдердің көрермендері ресми релизді күтпестен, Интернеттен қарақшылық көшірмені тауып алып көру мүмкіндігі соғұрлым арта түседі екен.

Сурет: livejournal.ru

Пікірлер

• wh0cd243458 cheapest baclofen generic viagra online levitra from india Clonidine bupropion