• Біздің парақшалар:

Жыл қорытындысы-2013: Қыс

2013 жылды қорытып, болашақ премьераларға шолу жасайтын да кезең келіп жетті. Биылғы жыл қандай фильмдермен ерекшелене алды, қандай картиналармен есте қалды — осылардың барлығына Киностан авторлары тарапынан баға беріп көрмекпіз. Осы орайда бір нәрсені ескерте кеткіміз келеді: Фильмдерге берілген бағалар мен айтылған ой-пікірлер тек Киностан авторларына ғана тиесілі, сондықтан өзге сарапшылардың немесе оқырмандардың пікірлерімен сәйкеспей қалуы әбден мүмкін.

Биыл жарық көрген премьераларға барлығына бірдей тоқталудан аулақпыз, өйткені:

Әрине бізге салса — биыл жарық көрген фильмдердің барлығына бір тоқталып кетер едік. Бірақ оған көп уақыт жұмсалып, ондаған беттік материал арналар еді. Бір жағынан оқырмандардың жалығып кететіні тағы бар. Сондықтан ерекше есте қалған, атап өтуге тұрарлық негізгілерін назарыңызға ұсынамыз.

Қаңтар

Қаңтардың басты кино-оқиғасы — Энг Ли түсірген «Пидің өмірі» болды. Қатарынан төрт «Оскарды» (Үздік режиссер, Үздік оператор жұмысы, Үздік визуалды эффектілер, Үздік саундтрек) ұтып алған драматикалық хикаяны біздің көрермендер де жылы қарсы алды. Киностан бетінде осы картинаға 5 рецензия жазылды — бұл да оның танымалдығының белгісі деп қабылдадық.

Қаңтардың ең шок-фильмі ретінде «Муви 43»-ті атауға болады. 12 новелладан құралған киноальманах Голливудтың ең танымал деген 25 жұлдызының басын қосқан. Қосып қана қоймай, кинодағы шаблондар мен клишелерге троллинг жасап кетті. Өкініштісі сол — өзі де бір сәттік поп-корндық деңгейде қалып, ұмытылып кетті.

Спектакль стилінде көрсеткісі келген Джо Райтың «Анна Каренинасы» кейіпкерлердің костюмі үшін «Оскар» алғаны белгілі. Прокатта да тек әдемі классикалық киім-кешегімен есте қалған тәрізді.

Көптен күткен «Азат етілген Джанго» да Қазақстанда осы қаңтар айында көрсетілді. Квентин Тарантино өз стилінен жаңылмай, ешқандай қалыпқа салып бағамдауға келмейтін, өзінше ерекше, өзінше асау кезекті жұмысымен қуанта алды. Фильм «Үздік сценарий» (Квентин Тарантино), «Екінші пландағы үздік актер» (Кристоф Вальц) номинациялары бойынша «Оскарға» ие болды.

Қаңтарда жарық көрген негізгі премьералардың бірі — Стивен Спилбергтің «Линкольн» өмірбаян-драмасы. Президентті сомдаған Дэниэл Дэй-Льюис осы рөлі үшін «Оскар» алды, сондай-ақ қоюшы-суретшінің жұмысы үшін тағы бір «Оскар» табысталды. Фильмді жылдың таңдаулы тарихи картиналарының қатарына кіргізугі болады.

Сондай-ақ, Джош Бролин, Райан Гослинг, Эмма Стоун, Шон Пенн секілді жұлдыздардың басын қосқан «Гангстерлік жасақ», Джеки Чанды оралтқан «Қытай зодиагы»,
Джейсон Стэтхэм мен Дженнифер Лопез тандемін ұсынған «Паркер» боевиктері қаңтар айында шықты.

Ақпан

Ақпан айы да экшннан кенде қалмады. Әсіресе, 90-шы жылдардың боевик жұлдыздарының қатысуымен болған премьераларды ерекше атап өту қажет, олар: «Басқа атылған оқ» (Сильвестр Сталлоне), «Тірі қалудың сәтті күні» (Брюс Уиллис), «Соңғы шайқас» (Арнольд Шварценеггер), «Сатқын» (Дуэйн Джонсон).

Сонымен қатар 3 «Оскар» мен басқа да беделді жүлделерді жеңіп алған Том Хупердің драматикалық мюзиклі - «Аластатылғандардың», Бен Ладенді ұстау операциясына арналған «Түнгі қараңғылық» триллерін және бірнеше «Оскарға» ұсынылған Хоакин Феникс ойнайтын «Шебер» картинасының Қазақстандағы премьерасы ақпан айына сәйкес келді.

Сондай-ақ қыстың соңғы айындағы релиздерден Наоми Уоттс пен Юэн МакГрегор қатысқан «Мүмкін емес» апат-фильмін, «Қауіпсіз айлақ» детектив-мелодрамасын, Энтони Хопкинс сомдаған «Хичкок» өмірбаян-драмасын ерекше атап өтуге болады.

Пікірлер

• wh0cd73353 retin-a viagra arimidex yasmin crestor 10 mg zoloft online lasix online cialis zithromax benicar generic equivalent