• Біздің парақшалар:

Біз күткен келер жылдың киносы. Шілде-қыркүйек

Құрметті Киностан оқырмандарына 2014 жылы шығатын үздік премьералардың шолуын ұсынамыз. Бүгінгі үшінші бөлімге шілде мен қыркүйек арасында қазақстандық прокатта көрсетілетін фильмдердің ондығы кірді. Қаңтар-наурыз бен сәуір-маусым да сіздер үшін жазылды:)

Ескерту! Шолуға сіздің көңіліңіздегі туындылар енбеуі мүмкін, алайда бұл Киностан редакцияның тізімге ілікпеген фильмге, оның түсіру тобына және көрермендеріне деген теріс ниетін білдірмейді. Қазақстандық премьера күндері "Меломан" компаниясының ақпараты негізінде жазылды, өзгеруі мүмкін.

Шілде

Маймылдар ғаламшарының таңы / Dawn of the Planet of the Apes / Планета обезьян: Революция

Жылы/ел: 2014, АҚШ

Жанры: Фантастика

Ұзақтығы: -

Режиссер: Мэтт Ривз

Басты рөлдерде: Гари Олдман, Анджела Кереч, Кирк Асеведо және т.б.

Әлемдік премьера: 11 шілде 2014

Қазақстандық премьера: 17 шілде 2014

Мазмұны: Сюжет бойынша туындыда алғашқы фильмнен біраз уақыт өткен соң орын алған оқиғалар баяндалады, эпидемиядан аман қалған адамдар мен Цезарь бастаған маймылдар арасындағы күрделі жағдай суреттеледі.

Киностан-пікір: Жаздың ыстық күнінде секвойя ағашын құшақтаған Цезарьдың адамдарға қарсы жүргізген стратегиялық соғысын көру керемет болар, ә!? Не болғанда да, ақылды маймылдар туралы тек арнайы әсерлерге емес, әлдебір драмалық сипатқа да ие туындыны қарау бұйырып тұр. 

Ұшақтар: От пен су / Planes: Fire and Rescue / Самолеты: Огонь и вода

Жылы/ел: 2014, АҚШ

Жанры: Анимация

Ұзақтығы: -

Режиссер: -

Басты рөлдерде: Джули Боуэн, Дейн Кук және т.б.

Әлемдік премьера: 17 шілде 2014

Қазақстандық премьера: 17 шілде 2014

Мазмұны: Әуе жарысының аңызына айналған ұшақ Дасти қозғалтқышының істен шыққанын, енді ешқашан жарысқа қатыса алмайтынын біледі. "Екі қолға бір күрек" іздеген ол Ренджер атты тікұшақ басқаратын өрт сөндіру-құтқару қызметіне жұмысқа тұрады. 

Киностан-пікір: Ірі премьера деп айта алмаймыз, әйткенмен де алғашқы бөлімді көрермен жылы қабылдаған секілді. Қанша дегенмен, Disney-дің өзіне тән сиқыры бар.

Шайтаннан бізді құтқара көр / Deliver Us from Evil / Избавь нас от лукавого

Жылы/ел: 2014, АҚШ

Жанры: Хоррор

Ұзақтығы: -

Режиссер: Скотт Дерриксон

Басты рөлдерде: Оливия Манн, Эрик Бана, Джоэл МакХэйл және т.б.

Әлемдік премьера: 2 шілде 2014

Қазақстандық премьера: 24 шілде 2014

Мазмұны: Нью-Йорк полициясы шайтандардың, экзорцизмның қатысуымен болған түрлі тылсым қылмыстарды зерттей бастады. 

Киностан-пікір: Хоррор керек деп отыр едіңіздер, мінекилеріңіз, ал. Трейлері әзірге жоқ, алайда қорқынышы аздау келесі жылдың қара күшке ие тұсы осы фильм болса керек.

Юпитер таңы / Jupiter Ascending / Восхождение Юпитер

Жылы/ел: 2014, АҚШ

Жанры: Фантастика

Ұзақтығы: -

Режиссер: Энди Вачовски, Лана Вачовски

Басты рөлдерде: Мила Кунис, Ченнинг Татум, Шон Бин және т.б.

Әлемдік премьера: 23 шілде 2014

Қазақстандық премьера: 24 шілде 2014

Мазмұны: Юпитер Джейнс күнде түсінде жұлдыздарды көреді, бірақ оның өмірі дәретхана жуумен өтіп жатыр. Алайда Жерге келген аңшы Кейн Юпитерге оның кім екенін түсіндіріп, ғаламдағы тепе-теңдікті бұза алатынын айтады.

Киностан-пікір: "Матрица" трилогиясының авторларынан басқаша сюжет күтуге болмайтын секілді:) Әйтеуір, алдағы жылдың қызық әрі әдемі жобасы болайын деп тұр.

Араб түндері / Arabian Nights / Арабские ночи

Жылы/ел: 2014, АҚШ

Жанры: Экшн

Ұзақтығы: -

Режиссер: Чак Рассел

Басты рөлдерде: Лиам Хемсворт, Дуэйн Джонсон, Энтони Хопкинс және т.б.

Әлемдік премьера: 28 шілде 2014

Қазақстандық премьера: 28 шілде 2014

Мазмұны: Патшасынан айрылған жас қолбасшы Шахерезада ханшайымды құтқару үшін Синдбатпен және Алладинмен бірігуге мәжбүр болады. 

Киностан-пікір: Ескіден ескі замандарда еңгезердей келген, көк көзді, ақсары шашты, еуропалық типті жігіттердің арабтарды ойнайтын фильмдері бар еді ғой. Неге екенін сол еске түсті, алайда жақсы актерлер мен заманауи визуалдық мүмкіндіктерді ойласақ, жап-жақсы дүние шығуы мүмкін. 

Фильмнен кадр

Үй видеосы / Sex Tape / Домашнее видео

Жылы/ел: 2014, АҚШ

Жанры: Драма

Ұзақтығы: -

Режиссер: Джейк Кэздан

Басты рөлдерде: Кэмерон Диаз, Джейсон Сигел, Джек Блэк және т.б.

Әлемдік премьера: 31 шілде 2014

Қазақстандық премьера: 31 шілде 2014

Мазмұны: Бала-шағанының күтімінен, отбасылық күйбең тірліктен шаршаған ерлі-зайыптылар оңаша қалып, балаларды басқа жаққа жіберіп, демалмақ болады. Түнгі сексті видеоға жазған олар ертеңіне кассетаның жоғалып кеткенін біледі. 

Киностан-пікір: Драма дейді, солай болса, солай шығар, әйтсе де, әлдеңе деп нақты болжау қиын болып тұр. Қарапайым отбасылық мелодрамадан бастап треш бағытындағы комедияға дейін дәл келеді-ау осы фильмге. Не болса да, сюжеті... біртүрлі екен. 

Галактика сақшылары / Guardians of the Galaxy / Стражи Галактики

Жылы/ел: 2014, АҚШ

Жанры: Фантастика

Ұзақтығы: -

Режиссер: Джеймс Ганн

Басты рөлдерде: Брэдли Купер, Зои Салдана, Вин Дизель, Бенисио Дель Торо және т.б.

Әлемдік премьера: 31 шілде 2014

Қазақстандық премьера: 31 шілде 2014

Мазмұны: Американдық ұшқыш галактикаралық даудың ортасында қалып, қолдарында елдің бәрі соңына түскен әлдібер заты бар бір топ тұтқынға келіп қосылады. 

Киностан-пікір: "Кек алушыларға" бәсекелес бола алады-ау деген суперқаһармандардың тобын күтіңіздер. Келесі жылдың күтіліп отырған жақсы жобаларының бірі.

Тамыз

Күнәлар қаласы 2 / Sin City: A Dame to Kill For / Город грехов

Жылы/ел: 2014, АҚШ

Жанры: Триллер

Ұзақтығы: -

Режиссер: Фрэнк Миллер, Роберт Родригес

Басты рөлдерде: Джозеф Гордон-Левитт, Джессика Альба, Брюс Уиллис, Джош Бролин, Леди Гага, Ева Грин, Микки Рурк және т.б.

Әлемдік премьера: 21 тамыз 2014

Қазақстандық премьера: 21 тамыз 2014

Мазмұны: Күнәлар қаласының әлдебір қуысында Дуайт Ава Лорд атты әйелді өлтіруді ойластырып жатады, ал Нэнси детектив Хартиганның өлімінен жұбана алмай жүреді. 

Киностан-пікір: Көрейік, Родригестің кезекті трешін. Актерлік құрам керемет-ақ! 

Қыркүйек

Ниндзя тасбақалар / Teenage Mutant Ninja Turtles / Черепашки-ниндзя

Жылы/ел: 2014, АҚШ

Жанры: фантастика

Ұзақтығы: -

Режиссер: Джонатан Либесман

Басты рөлдерде: Меган Фокс, Уильям Фихтнер, Вупи Голдберг және т.б.

Әлемдік премьера: 7 тамыз 2014

Қазақстандық премьера: 7 қыркүйек 2014

Мазмұны: Жерге шабуыл жасаған жат ғаламшарлықтарға қарсы төрт ниндзя тасбақа қарсы тұрады. 

Киностан-пікір: Майкл Бэйдың продюсерлік етуімен түсірілетін фильмнен үмітіміз зор. Касса жинағысы келетін жоба үшін жап-жақсы актерлері бар, көпшілік сүйетін қаһармандары бар, бас қатырмайтын сюжеті бар фильм жаман болмауы керек. 

Эквалайзер / The Equalizer / Великий уравнитель

Жылы/ел: 2014, АҚШ

Жанры: экшн

Ұзақтығы: -

Режиссер: Антуан Фукуа

Басты рөлдерде: Хлоя Грейс Морец, Дензел Вашингтон, Мелисса Лео және т.б.

Әлемдік премьера: 25 қыркүйек 2014

Қазақстандық премьера: 25 қыркүйек 2014

Мазмұны: Танымайтын жезөкшені қорғаймын деп арнайы жасақтың бұрынғы әскері ОББ мен орыс боевиктерінің әп сәтте қарсыласына айналып шыға келеді. 

Киностан-пікір: Сапалы экшн артық болмас дедік, әйтпесе фантастикадан шаршаған шығарсыздар. 

Жалғасы бар

Осыған дейін:

Біз күткен келер жылдың киносы: Қаңтар-наурыз

Біз күткен келер жылдың киносы: Сәуір-маусым

Пікірлер