• Біздің парақшалар:

Джек Райанды сомдаған актерлер

Джек Райан – Америка жазушысы Том Клэнси ойлап тапқан кейіпкер. Автордың шығармаларында Джек Райан АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының сарапшы маманы ретінде көрсетіледі. Дегенмен ол кеңседегі жұмысынан бөлек, «соғыс алаңына» шығып тұрады, түрлі қарулы қақтығыстар мен операцияларға да қатысып отырады.

Жазушы Джек Райанға қатысы бар оннан астам кітап жарық көрді. Сол шығармалардың негізінде осы күнге дейін бес фильм экранға шығарылды.

«Қызыл Қазанның» ізіне түсу» («The Hunt for Red October»)

Алек Болдуин «Қызыл Қазанның» ізіне түсу» фильмінде Джек Райан рөлінде

Джон МакТирнанның 1990 жылға фильмінде Джек Райан Америкаға қашқан КСРО-ның «Қызыл Қазан» сүңгуір кемесіндегі экипажды құтқарумен айналысады. Картинада басты кейіпкерді Алек Болдуин сомдаған еді.

«Қызыл Қазанның ізіне түсу» боевигіне сондай-ақ Шон Коннери, Скотт Гленн, Сэм Нил, Джеймс Эрл Джонс секілді жұлдыздар қатысты. Ал фильмнің өзі дыбыс монтажы үшін «Оскар» алды.

«Патриоттар ойыны» («Patriot Games»)

Харрисон Форд «Патриоттар ойыны» фильмінде Джек Райан рөлінде

Филлип Нойс түсірген фильмде (1992) Джек Райан Англияның королева отбасын лаңкестік қастандықтан құтқарамын деп жүріп басы бәлеге қалады. Бұнда АББ агентін Харрисон Форд сомдады.

«Айқын да тікелей қатер» («Clear and Present Danger»)

Харрисон Форд «Айқын да тікелей қатер» фильмінде Джек Райан рөлінде

Джек Райан образына Харрисон Форд қайтып оралды (1994). Режиссері де өзгеріссіз қалды. Бұл жолы Джек Райан Колумбияның есірткі саудасымен айналысатын қылмыстық тобымен күреседі. Осы операцияны орындауға Уиллем Дефоның орындауындағы арнайы жасақ жауынгері оған көмекші болады.

«Үрей құны» («The Sum of All Fears»)

Бен Аффлек «Үрей құны» фильмінде Джек Райан рөлінде

Араға сегіз жыл салып, Орталық барлау басқармасының агенті экранға қайта шығарылды. Бұл жолы Джек Райан рөлін Бен Аффлек орындады. Джек Райан АҚШ пен Ресей арасында басталғалы тұрған ядролық соғысты тоқтатуға күш салады.

«Джек Райан: Тасадағы рекрут» («Jack Ryan: Shadow Recruit»)

Крис Пайн «Джек Райан: Тасадағы рекрут» фильмінде Джек Райан рөлінде

Кеннет Брэнаның қолынан 2014 жылы шыққан жаңа фильм – Том Клэнсидің ешбір кітабын негізге алмады. Тек агент кейіпкердің образы ғана пайдаланылды. Бұнда Джек Райанды Крис Пайн сомдайды. Одан бөлек Кевин Костнер, Кира Найтли секілді жұлдыздар ойнайды.

Пікірлер

• wh0cd513622 acyclovir bupropion soft tabs viagra how much is diflucan clindamycin atenolol 25mg amoxicillin 875 mg acyclovir cream atarax