• Біздің парақшалар:

Ерекше келбеті бар танымал актерлер

Сырт келбеті Голливудтың басты талаптарына, стандарттарына сай келмесе де, кино әлемінде өз орнын тапқан, танымал болған мамандар бар. Киностан бүгін сіздермен осындай сегіз ер актерді таныстырады.

Питер Динклэйдж - 1969 жылы дүниеге келген театр және кино актері. 2003 жылы "Станция қараушысы" ("Станционный смотритель") фильміне түскен соң, көзге ілінді. "Тақтар ойыны" ("Игра престолов") телехикаясындағы Тирион Ланнистердің рөлі актерге үлкен танымалдылық әкелді. Питер туғанынан ергежейлікке әкеліп соққан ахондроплазия атты тұқым қуалайтын ауруға шалдыққан. Бойы 135 см. Ата-анасы, бауыры Джонатан орта бойлы, ауытқу жоқ.

Мэттью МакГрори 1973 жылы дүниеге келген, 2005 жылы 32 жасында қайтыс болды. Балабақша жасынан шыққанда актердің бойы бір жарым метрден асқан, ал есейгенде 2 метр 29 см болған. Зор дауысы мен актерлік таланты МакГрориға сот-медицина эксперті болуда "кедергі" келтіріпті. Басында ол ел көретін танымал телешоуларға, Marilyn Manson мен Iron Maiden секілді музыка топтарының бейнеклиптеріне түсіп жүреді. Бұдан кейін кезек қорқынышты фильмдерге келеді (мысалы: Роб Зомбидің "Мың өліктің үйі" ("Дом тысячи трупов"). Кейінірек Тим Бертонның "Үлкен балық" ("Крупная рыба") фильміне түсті.

Джонни Эк 1911 жылы дүниеге келген. Денесі жамбастан ары қарай жоқ, дамымай қалған. Әрдайым көңілді жүретін Эк өзінің бұл ерекше келбетінің арқасында үлкен жетістікке қол жеткізе алды. 14 жасында өзінің жеке цирк шоуын жүргізіп, қол-аяғы сау адамнан артық секіріп, билеп, өнер көрсетті. Осыдан кейін ол продюсерлердің көзіне шалынып, 1932 жылы "Кемтарлар" ("Уродцы") атты фильмге түседі.  Джонни Эк 1991 жылы құрмет пен байлықтан кемдік көрмей қайтыс болды. Айтпақшы, Леонардо Ди Каприоның актердің бейнесін сомдаймын деп уәде беріп келе жатқанына 10 жыл болды.

Курт Шнайдер /Харри Эрлз/ 1902 жылы Германияда дүниеге келген. Екі әпкесі де, бауыры да, өзі де аласа боймен, қуыршақ секілді бала жүзбен бүкіл өмірін сүруге мәжбүр болған. АҚШ-қа көшкен соң төртеуі "Қуыршақтар" атты труппа құрып өнер көрсетеді. Курт "Қасиетсіз үштік" ("Несвятая троица") атты фильмге түсіп, Твидли деген ергейжеліні сомдайды. Төртеуі Джуди Гарландпен бірге аса танымал "Оз елінің сиқыршысы" ("Волшебник из страны Оз") фильмінде манчкиндерді ойнайды. Тарихта "Ең үлкен кинематографиялық ергежейлілер" деген атпен қалған.

"Мені сүйген тыңшы" ("Шпион, который любил меня") және "Ай жарысушысы" ("Лунный гонщик") атты агент 007 Джеймс Бонд туралы фильмдерде бас қаһарманға қарсы күресетін темір тісті кейіпкер есіңізде шығар? Бойы 217 см, қорқынышты түрі бар Ричард Килге әу бастан-ақ зұлымдарды, қаскөйлерді ойнау маңдайына жазылып қойылған, тіпті 1999 жылы шыққан "Инспектор Гаджет" фильмінде де өз-өзіне пародия жасайды. Бірақ, осы тектес рөлдер сыйлаған қаржылық табыспен шектелмей, актер шығармашылықпен де мықтап айналысқан. Прокатта жолы болмаса да, халыққа ұнаған "Найзағайлы таудың алыбы" ("Великан с Грозовой горы") фильмінің сценарийін жазып, продюсерлігімен айналысты, Мұхамед Әли биографиясының ко-авторы болды. Кил қазір Калифорнияда тұрады.

Майкл Берриман «Антидротикалық эктодермалды дисплазия» атты сирек кездесетін ауруға ұшыраған: түрі адамға келіңкіремейді, шаш, тырнақ, тіс атаулыдан айрылған. Мұндай түр-келбет мутанттарды ойнауда актерға керемет көмектеседі. 1977 жылы шыққан "Тауларда да көз бар" ("И у холмов есть глаза") хоррорындағы рөлі Берриманды Голливудтың номері бірінші құбыжығына айналдырды. Алайда актер түрлі драмаларда да ("Көкек ұясының үстімен ұшып бара жатып"/"Пролетая над гнездой кукушки"), комедияларда да ("Түсініксіз ғылым"/"Ох уж эта наука") керемет ойнайды. Ал хард-рокты ұнатсаңыз Килді Motley Crue тобы түсірген «Smokin’ in the Boys’ Room» әнінің бейнеклипіндегі сүйкімсіз мектеп директоры арқылы танисыз.

Роберт З’Дар 1950 жылы дүниеге келген американдық актер және продюер. "Танго және кэш" ("Танго и кэш") фильміндегі, "Маньяк Коп" ("Маньяк-полицейский") франшизасындағы рөлдерімен танымал. Иегі ерекше үлкен.

Винсент Эндрю Скьявелли арғы тегі сицилиялық актер. Түрлі фильмдер мен телехикаялардағы эпизодтық рөлдерімен танымал. 1 метр 98 см бойы, сопақ басы, жүзіндегі ерекшеліктер, сорайған қол-аяғы Марфан синдромының кесірінен пайда болған. Әдетте психикалық ауытқуға ұшыраған кейіпкерлерді немесе өзінің түріне келетін комедиялық рөлдерді ойнайды.

Пікірлер

• wh0cd489371 levaquin buy motrin price buy effexor xr cheap retin a

• wh0cd489371 buy cialis usa