• Біздің парақшалар:

Сіз білмейтін 7 кинофакт

Жұмысыңыздан бір сәт сергітетін, таныс-достарыңыздың арасында айта жүретін кино туралы 7 деректі назарларыңызға ұсынамыз. 

"Лашықтан шыққан миллионер" ("Миллионер из трущоб") фильмінің авторларынан Mercedes-Benz жағдайы нашар аудандарды көрсететін сәттерде өздерінің логотипін алып тастауды өтініпті. Режиссер Дэнни Бойлдың айтуынша, компания көрермендердің брендті кедей үйлермен, тұрмысы төмен адамдармен байланыстырғанын қаламаса керек: имидждері түсіп кетеді-мыс. 

"Тележүргізуші" ("Телеведущий") фильмінде Верониканың станциядағы қыздармен келіп отыратын мексикандық рестораны "Escupimos en su Alimento" деп аталады, аудармасы - "Біз сендердің тамақтарыңа түкіріп тастадық". 

"Терминатор 2: Сот күні" ("Терминатор 2: Судный день") фильміндегі рөлі үшін Арнольд Шварценеггер 15 миллион доллар көлемінде гонорар алған, барлығы 700 сөз айтқан. Әр сөзі 21,429 долларды құрайды. Танымал "Hasta la vista baby" фразасының құны 85, 7116 долларға тең. 

"Әйел көрмеген қырықтағы еркек" ("Сороколетний девственник") фильмінде Эндидің кеудесіндегі жүнді жұлатын кадрларды түсіру үшін бес камера қажет болыпты. Актер Стив Карелл режиссер Джудд Апатоуға "Бәрі шынайы болу керек, түкті шынымен жұлыңдар" деп айтыпты, яғни бірнеше дубль жасайтын мүмкіндік болмаған.

"Ғарыштағы соғыстар: І эпизод - жасырын қауіп" ("Звездные войны: Эпизод 1 – Скрытая угроза") фильмінде Куай-гон Джиннің (Лиам Нисон ойнайды) коммуникаторы ретінде әйелдерге арналған Sensor Excel Razor ұстарасы пайдаланылыпты. Әрине, аздап өзгерткен. 

"Шоушенктен қашу" ("Побег из Шоушенка") фильміндегі Энди Дюфрейннің күштеуімен білім алып, кейін түрме директоры атып тастаңдар деп бұйыратын Томми Уильямстың рөлі басында Брэд Питке берілуі керек екен. 

"Айқай" ("Крик") фильміндегі кісі өлтіруші маскасының пайда болуына Эдвард Мюнхтың аттас суреті әсер еткен. 

Пікірлер