• Біздің парақшалар:

Годзилланың эволюциясы

60 жылдық тарихы бар Годзилла (жапонша: ゴジラ – Годзира) – талай фильмдер мен мультфильмдерге, комикстар мен компьютерлік ойындарға арқау болған алып кесіртке (кайдзю). Түпнұсқа сюжетте оның пайда болу тарихы былай баяндалады: адамдар сутек бомбасын жарғаннан кейін ежелгі дәуірден бері ұйқыда жатқан алып кесіртке оянып кетеді.

«Gojira» деген атау жапонша «горилла» және «кит» деген сөздердің қосындысы. Годзилла туралы тұңғыш фильм түсіріліп жатқан кезде, Жапониядағы Toho студиясының бір қызметкері осы атты ойлап тапқан екен.

Ремейктер мен сериалдарды есептемегенде, Годзилла туралы 30 шақты фильм түсірілген.

Годзилланың «отаны» - Жапония. Ол туралы алғаш фильм осы елде түсірілді. Жапонияда шығарылған Годзилла туралы кинокартиналар сериясы үш кезеңге бөліп қарастырылады:

Сёва кезеңі: 1954-1975 жылдар.

1954 жылы Исиро Хонда түсірген «Годзилла» фильмі жарық көрді. Бұл осы алып кесіртке туралы ең бірінші туынды. Бұл картина кейін қайтадан өңделіп, 1956 жылы Америкада «Годзилла – монстрлар патшасы!» деген атпен жарық көрді.

Одан кейін келесі фильмдермен жалғасты:

- 1955 жыл. «Годзилла қайта шабуылдайды» («Godzilla Raids Again»), немесе «Гигантис – отты монстр» («Gigantis the Fire Monster»).

- 1962 жыл. «Кинг-Конг Годзиллаға қарсы» («King Kong vs. Godzilla»).

- 1964 жыл. «Годзилла Мотраға қарсы» («Godzilla vs. Mothra»).

- 1964 жыл. «Гидора, үш басты монстр» («Ghidorah, Three-Headed Monster»).

- 1965 жыл. «Годзилла Монстр Зероға қарсы» («Godzilla Vs. Monster Zero»).

- 1966 жыл. «Годзилла теңіз монстрына қарсы» («Godzilla Versus the Sea Monster»).

- 1967 жыл. «Годзилланың ұлы» («Son of Godzilla»).

- 1968 жыл. «Барлық монстрларды жою» («Destroy All Monsters»).

- 1968 жыл. «Годзилла, Минилла, Габара: Барлық монстрлар шабуылдайды» («Godzilla, Minilla, Gabara: All Monster’s Attack»), немесе «Годзилланың кегі» («Godzilla’s Revenge»).

- 1971 жыл. «Годзилла Смог монстрға қарсы» («Godzilla vs. the Smog Monster»).

- 1972 жыл. «Годзилла Гайганға қарсы» («Godzilla vs. Gigan»).

- 1973 жыл. «Годзилла Мегалонға қарсы» («Godzilla vs. Megalon»).

- 1974 жыл. «Годзилла Мехагодзиллаға қарсы» («Godzilla vs. Mechagodzilla»).

- 1975 жыл. «Мехагодзилланың терроры» («Terror of Mechagodzilla»).

«Мехагодзилланың терроры» сәтсіздікке ұшырағаннан кейін, франшизаны жаңадан жалғастыру қажет болды. Осыдан 9 жыл өткен соң Хэйсэй кезеңі (1984-1995) басталды.

Хэйсэйдің алғашқы өкілі – «Годзилла» («Godzilla»), немесе «Годзилланың оралуы» («The return of Godzilla»).

Ал одан кейін келесі фильмдер сериясы шықты:

- 1989 жыл. «Годзилла Биоллантеге қарсы» («Godzilla vs. Biollante»).

- 1991 жыл. «Годзилла Кинг Гидораға қарсы» («Godzilla vs. King Ghidorah»).

- 1992 жыл. «Годзилла Мотраға қарсы» («Godzilla vs. Mothra»).

- 1993 жыл. «Годзилла Мехагодзиллаға қарсы-2» («Godzilla vs. SpaceGodzilla»).

- 1994 жыл. «Годзилла Ғарыш Годзилласына қарсы» («Godzilla vs. SpaceGodzilla»).

- 1995 жыл. «Годзилла Қиратқышқа қарсы» («Godzilla vs. Destroyer»).

Годзилла туралы хикая «Годзилла Қиратқышқа қарсы» фильмінен кейін түпкілікті аяқталуы тиіс еді. Бірақ америкалықтар өз елінде алып кесірткеге көбірек көңіл бөле бастағаннан кейін, Жапония кино жасаушылары тақырыпқа қайта оралды. Үшінші кезең - Миллениум немесе Синсэй (1999-2004) деп аталады.

Бұл кезеңнің алғашқы туындысы – «Годзилла: Миллениум» («Godzilla 2000») деп аталады. Одан кейінгі фильмдер:

- 2000 жыл. «Годзилла Мегагирусқа қарсы» («Godzilla vs. Megaguirus»).

- 2001 жыл. «Годзилла, Мотра, Кинг Гидора: Алып монстрлар шабуылдайды» («Godzilla, Mothra, King Ghidorah: Giant Monsters all-out attack»).

- 2002 жыл. «Годзилла Мехагодзиллаға қарсы-3» («Godzilla Against MechaGodzilla»).

- 2003 жыл. «Годзилла, Мотра, Мехагодзилла: Токионы құтқарыңдар» («Godzilla, Mothra, Mechagodzilla: Tokyo S.O.S.»).

- 2004 жыл. «Годзилла: Ақырғы шайқас» («Godzilla: Final Wars»).

2004 жылдан кейін жапондық киносериалдың өкілдері Годзилла туралы жаңа фильмдер өндірісін тоқтата тұруға шешім қабылдады.

Бір қызығы – Жапония шығарған фильмдердің ешқайсысында Годзилланың түрін жасау үшін компьютерлік графика қолданылмаған. Барлығында да жылжитын қуыршақ, костюм киген актерлер және робот пайдаланылды.

Америкалық ребут

1998 жылы Роланд Эммерих өз нұсқасымен «Годзилла» фильмін шығарды. Сюжетте алып кесіртке Нью-Йоркқа шабуылдайды. Голливуд тарапынан әлемге белгілі кейіпкердің образы бұрмаланғаны үшін, франшиза иелері Роланд Эммерихтан екінші фильмді түсіру құқығын тартып алды. Сөйтіп, «Годзилла 2»-нің орнына, сюжетті әрі қарай өрбітетін қысқа анимациялық сериал жарық көрді.

Годзилла туралы тағы бір жаңа америкалық кинокартина 2009 жылы шығады деп жоспарланған еді. Оның мерзімі жыл сайын шегеріле келе, ақыры премьера күні 2014 жылғы мамырға белгіленді. Фильмнің режиссері Гарет Эдвардс.

Годзилланың түрі мен келбеті әр фильмде әрқалай: кейде 50 метрлік кесіртке 80-120 метрге дейін "өсіріледі", кейде суда жақсы жүзсе, бір фильмде тіпті ұша да алады. Жарты ғасырдан астам тарихында Годзилла кино әлеміндегі ең танымал кейіпкерлердің біріне айналды.

Пікірлер

• wh0cd624222 generic tretinoin Buy Atenolol doxycycline Aygestin augmentin no script explained here where can you get viagra over the counter