• Біздің парақшалар:

Маймылдар ғаламшарының эволюциясы

«Маймылдар ғаламшары» («Planet of the Apes»Пьер Бульдің аттас романына негізделген франшиза. Осы атпен жарық көрген бірнеше фильм мен комикстар, видеоойындар бар. 

Фильмдерді таныстырмай тұрып, оларды логикалық тұрғыдан топтарға бөліп алған дұрыс. Бұндай жіктеу оқырмандардың дұрыс қабылдауына сеп болады деген үміттеміз. 

760be1666cd144e1eeda28f734d4a411

Сонымен, алғашқы кезеңді «Түпнұсқа» деп атаған дұрыс. Бұл топқа бір-бірімен сюжет жағынан байланысқан алғашқы 5 фильм кіреді: 

Атауларынан көріп тұрғаныңыздай, фильмдердің арасында сюжеттік байланыс бар және әр серия сайын жалғасып отырады. Алғашқы картинадағы оқиға адамдардың Маймылдар ғаламшарына кездейсоқ тап болуынан бастау алады. Әрі қарай, маймылдардың неліктен үстемдікке ие болғаны, адамдар неліктен өз статустарынан айырып қалғаны туралы баяндалады. 


Екінші кезеңді - «Теленұсқа» деп атаған жөн. Бұған екі туындыны кіргізуге болады: 

Сериалды жоғарыда тізімделген бес фильмнің оқиғаларына басқаша көзқарас деп қарастырған дұрыс шығар. Олардың жалғасы да емес, кеңейтілген нұсқасы да емес. Қалай десек те, теленұсқа сәтті шықты деп айту қиын, өзі де бір маусымға ғана созылды. 

Франшизадағы жалғыз анимациялық нұсқа. Мультсериал осыған дейінгі барлық бөлімдердің гибриді іспеттес болып кетті. Бұл да аса ұзаққа бармады, 13 эпизодтан кейін көрсетілімі тоқтатылған. 


Тим Бертонның «Маймылдар ғаламшары» (2001) фильмін бөлек кезең ретінде қарастырған дұрыс болатын шығар. Өйткені бұл кинокартина франшизаға кіретін бөлімдердің ешбірінің сюжетімен байланыспайды. Яғни бұны Пьер Бульдің кітабын жаңаша, қайтадан экрандау деп қабылдасақ та қателік болмас. Тим Бертонның не ойлағанын кім білген, бірақ бір ғана фильммен шектеліп қалды. Бұл жолы басты рөлде Марк Уолберг ойнады. 


2011 жылдан бастап франшиза қайта жаңғырды. «Маймылдар ғаламшарының көтерілісінен» бастау алған серияны «Жаңа кезең» деп атауға болады. 

Жаңа кезеңде Цезарь есімді маймылдың тұлғасына ерекше көңіл бөлінеді: оның өсіп-жетілуі, адамдарға көзқарасын өзгертуге себеп болған жағдайлар, ақыры маймылдардан қол жинап адамзатқа қарсы көтеріліс ұйымдастыруы.

Еске сала кетелік,  Мэтт Ривздің «Маймылдар ғаламшарының таңы» Қазақстан кинотеатрларында 2014 жылғы 17 шілдеден бастап көрсетіледі.

Пікірлер

    • Sigma
    • |
    • 20 шілде 2014 20.07.2014
    • |
    • 16:34

    Не ғо, Тим Бертонның маймылдар туралы туындысы 2001де шыққан болар деп жүрсем..?

  • Рахмет, түзеттім :)