• Біздің парақшалар:

Жұлдыз балалар. Қазір олар қандай? (1 бөлім)

Бұл актерлер бала кездегі рөлдерімен белгілі. Бұл актерлер - біздің балалық кезіміздің қаһармандары. Бұл актерлер біздің жадымызда әлі де бала образдарымен қала бермек. Бірақ, уақыт өз дегенін жасайды ғой - бұл кішкентай жұлдыздар қазір есейген. Бала рөлдерімен атағы шыққан актерлер қазір қандай, қайда, не істеп жүр?

"Шпион балалар" (2001) фильмінен кадр

"Шпион балалар" ("Spy Kids") фильмінде Кармен Кортес рөлімен белгілі Алекса Вега

Көп жағдайда есейгеннен кейін жас актерлер карьерасын тастап кетіп жатады. Алекса керісінше, фильмдер мен театрлық қойылымдарға белсене қатысып жүр. Әншілік өнерді де игеріпті. 

25 жылдық өмірінде екі рет күйеуге тиіп үлгерді. Соңғы көзге түскен ерекше рөлдерінің бірі ретінде Роберт Родригестің "Мачете өлтіреді" боевигін атауға болады:

"Мачете өлтіреді" (2013) фильмінен кадр


Роберт Родригестің "Шпион балалары" арқылы танылған тағы бір актер - Дэрил Сабара.

"Шпион балалар 2: Жоғалған қиялдар аралы" (2002) фильмінен кадр

Дэрил "Шпион балалардан" кейін бірқатар мульт кейіпкерлерді дыбыстап жүр, сондай-ақ оны "Доктор Хаус" ("House, M.D."), "Қылмыскерше ойлау" ("Criminal Minds ") секілді сериалдардан көруге болады. Елеулі киножобалардан - "Мачете", "Джон Картер" фильмдеріне қатысты.

"Джон Картер" (2012) фильмінен кадр


Киносүйер қауым Энакин Скайуокердің, яғни Дарт Вейдердің балалық шағын сомдаған Джек Ллойдты білетін шығар:

"Ғарыштағы соғыстар: І Эпизод - Жасырын қауіп" (1999) фильмінен кадр

"Ғарыштағы соғыстар" - Джектің жұлдызын жарқыратқан жалғыз жоба секілді. Одан кейін үлкен рөлдерімен көзге түсті деп айту қиын. Қазір хоккеймен айналысады екен.

2007 жылғы фотосуреті


"Достар" сериалының фанаттары Бен Геллерді міндетті түрде таниды. Бұл бала кейіпкерді Коул Спроус есімді бала сомдаған болатын:

"Достар" (1994-2004) сериалынан кадр

Коулдың Дилан деген сыңары бар. Көпшілік егіздердің нағыз танымалдылығы "Зак пен Кодидің керемет өмірі" (2005) сериалы арқылы келді деп есептейді. Айтпақшы, Зак пен Кодидің хикаясы бір сериалмен аяқталып қалмай, кейін бірнеше тележобаларда жалғасын тапты.

Коул Спроустың қазіргі кезі

 

Жалғасы бар...

Пікірлер