• Біздің парақшалар:

Робин Уильямс қатысып үлгерген фильмдер

"Оскар" және бес мәрте "Алтын глобус" иегері Робин Уильямс 2014 жылы 11 тамыз күні 63 жасында мезгілсіз қайтыс болды. Актер кино саласында өшпес із қалдырды және бірқатар жобаларды аяқтап үлгермеді.

Десек те, біз оны әлі үлкен экраннан бірнеше рет көреді екенбіз. The Telegraph басылымының хабарлауынша, алдағы уақытта оның қатысуымен түсірілген төрт фильм жарыққа шығады. 

1. "Мұражайдағы түн: Қабір құпиясы" ("Night at the Museum: Secret of the Tomb").

Бұл картина - франшизаның үшінші бөлімі. Р. Уильямс алдыңғы серияларда сомдаған Теодор Рузвельт рөліне қайтадан оралады. Фантастикалық комедияның әлемдік премьерасы 2014 жылғы желтоқсанға жоспарланған. Қазақстан прокатына 2015 жылдың басында келуі тиіс.

Трейлері:

2. Робин Уильямс түсіп үлгерген келесі туынды - "A Merry Friggin' Christmas" деп аталады. Қазақшалағанда "Осы бір сайтан алғыр рождество" деген мағына береді.

Ол фильмде басты кейіпкердің әкесін сомдайды. Комедия АҚШ-та қараша айында көрсетілмек.

Үзінді:

3. "Бульвар" ("Boulevard").

Бұл драмада Уильямс басты рөлді сомдайды. Сюжетте өзгеріссіз өмірінен қашып, өзін-өзі танығысы келген адам туралы баяндалады. "Бульвардың" алғашқы көрсетілімі биыл сәуірде "Трайбека" кинофестивалінде болған екен. Бұқараға қашан тарайтыны белгісіз.

4. Ал, "Absolutely Anything" ("Қалауыңның барлығы") деген Ұлыбританияның фантастикалық комедиясында актердің дауысын ести аламыз. Фильмде Р. Уильямс тіл біткен итті дыбыстапты. Фильм 2015 жылы жазда жарық көреді.

Робин Уильямс карьерасында 100 шақты фильм мен сериалға түскен екен. Біз оның үлкен экрандағы бейнесін соңғы рет 2014 жылы 22 мамырда шыққан "Бруклиндегі ең ашулы адам" комедиясында көріппіз. Ол біздің жадымызда "Өлі ақындар қоғамы" ("Dead Poets Society"), "Жандану" ("Awakenings"), "Балықшы патша" ("The Fisher King"), "Джуманджи" ("Jumanji"), "Ақылды Уилл Хантинг" ("Good Will Hunting"), "Арман қайда апарады" ("What Dreams May Come"), "Емші Адамс" ("Patch Adams"), "Екі жүз жылдық адам" ("Bicentennial Man"), "Август Раш" ("August Rush"), т.б. картиналардағы рөлдері арқылы қала бермек.

Пікірлер

  • wh0cd48583 [url=http://cialis20mg2017.com/]cialis price[/url]