• Біздің парақшалар:

Мэттью МакКонахидің 8 қыры #1

Мэттью, Мэт, Мәкең... Мэттью МакКонахиді қалай еркелетіп атасақ та әбден лайықты тұлға секілді. Бұл оның келбетінің көркемдігіне берілген баға емес, сірә. Бұл оның соңғы жылдарда көбірек сүйсіндіре түскен актерлік шеберлігі мен керемет образдарына бола білдірілген құрмет болса керек. 

Мэттью негізінен өзін комедия актері ретінде танытқан адам. Бірақ соңғы бірнеше жылдардағы драматикалық рөлдері оны тіптен басқа қырынан танытты. Бүгін Мәкеңнің драма жанрында сомдаған образдарының саналуандығына тоқталғымыз келеді. 

1. «Біз Маршалдармыз» («We Are Marshall»), 2006. 

Аттас әріптесі Мэттью Фокс екеуі ойнаған спорт драмасында 1970 жылы болған шынайы оқиға суреттеледі. Америка футболын ойнайтын Хантингтонның университет командасы әуе апатына ұшырап, барлық мүшелері қаза табады. Олардың орнына басқа ойыншыларды алып, жаңа команда құру міндеті тұрады. Жас бапкер Джек Ленджиел бұл істі өз мойнына алады. 

Бұл фильмде МакКонахи осы бас бапкерді сомдайды. Актер сырт көзге немқұрайлылау, бірақ іске келгенде керемет үйлестіруші Джек Ленджиел образын керемет алып шықты. 

«Біз Маршалдармыз» фильмінен үзінді:

 

2. Мэттің әртістігін аша түскен тағы бір туынды – «Адвокатқа арналған Линкольн» («The Lincoln Lawyer») қылмыстық драмасы. 

Фильмде ол қулығы бастан асатын, жолы болғыш адвокатты сомдады. Бірде әлдекімдердің қастандығының кесірінен өзінің басы бәлеге қалып, түрмеге қамалу қаупі төнеді. 

«Адвокатқа арналған Линкольн» фильмінен үзінді:

 

3. «Киллер Джо» («Killer Joe») триллерінде актер Джо Купер есімді түрі суық, салқынқанды қылмыскерді сомдайды.

Оның шеберлігіне тәнті болған кейбір сыншылар осы фильмдегі МакКонахидің актерлігін карьерасындағы ең үздік рөлі деп атапты. 

«Киллер Джо» фильмінің трейлері:

 

4. «Мад» («Mud») қылмыстық драмасы да Мәкеңнің беделін көтере түсті. 

Фильмде ол кісі өлтіріп, сырт көзден жасырынып жүрген жұмбақ жанды сомдайды. Бір қызығы, қолы кісі өлтіруге барса да, кейіпкер махаббатын армандайды, түбінде сүйгенімен бірге болатынына сенеді.

«Мад» фильмінің трейлері:

Жалғасы бар...

Пікірлер

  • Бүгін кешкісін «Адвокатқа арналған Линкольн»-ды көремін, кеше "Даллас сатып алушылар клубын" көрдім. Тәнті болдым. Неткен шеберлік.

    Мэттью МакКонахиді "Нағыз детектив" сериалынан кейін таныдым. Бұған дейін атын естігенім болмаса, бірде бір фильмін қарамаған екенмін.
    Әйткенмен Мэттью МакКонахи өз мүмкіндігін әлі де толық ашпаған сияқты. Қатпар-қатпары мол актер.

  • wh0cd804143 <a href=http://buypropecia2017.com/>buy propecia</a>