• Біздің парақшалар:

2019 жылға дейін бізді қандай MARVEL блокбастерлері күтуде

Marvel Studios Президенті Кевин Файги MARVEL Киноәлемінің үшінші сатысында не күтіп
тұрғаны жайлы толығырақ мәлімет берді.

Калифорния, Лос Анджелестегі El Capitan кинотеатрында өткен арнайы ісшарада Marvel Studios Президенті Кевин Файги MARVEL Киноәлемінің үшінші сатысына қосылған фильмдер тізімін баспасөз өкілдері мен MARVEL комикс табынушыларына жария етті. Тұсаукесерлері 2019 жылға дейін жоспарланған картиналарда көрермендерге таныс кейіпкерлермен қатар көптеген жаңа қаһармандар көрсетіледі.

Жақын арадағы MARVEL блокбастерлері 2015 жылы шығу тиіс – «Кекшілдер: Алтрон Дәуірі» (30 сәуір 2015) және «Құмырсқа-адам» (16 шілде 2015). Презентацияда тоғыз фильмнің атаулары мен прокатқа шығу мерзімдері жарияланды. Сонымен қатар, бізге таныс Тор, Кекшілдер, Капитан Америка және Галактика Сақшыларынан басқа жаңа кейіпкерлер таныстырылды: Доктор Әпенді, Қара Бабыр, Капитан Марвел, Сұмпайылар.

MARVEL блокбастерлерінің релиз графигі мынадай:

  • 30.04.2015 — КЕКШІЛДЕР: АЛТРОН ДӘУІРІ / AVENGERS: AGE OF ULTRON / МСТИТЕЛИ: ЭРА АЛЬТРОНА
  • 16.06.2015 — ҚҰМЫРСҚА-АДАМ / АNT-MAN / ЧЕЛОВЕК-МУРАВЕЙ
  • 05.05.2016 — КАПИТАН АМЕРИКА: АЗАМАТТЫҚ СОҒЫС / CAPTAIN AMERICA: CIVIL WAR / ПЕРВЫЙ МСТИТЕЛЬ: ГРАЖДАНСКАЯ ВОЙНА
  • 03.11.2015 — ДОКТОР ӘПЕНДІ / DOCTOR STRANGE / ДОКТОР СТРЭНДЖ
  • 04.05.2017 — ГАЛАКТИКА САҚШЫЛАРЫ 2 / GUARDIANS OF THE GALAXY 2 / СТРАЖИ ГАЛЛАКТИКИ 2
  • 7.07.2017 — ТОР: РАГНАРӨК / THOR: RAGNARÖK / ТОР 3: РАГНАРЁК
  • 02.11.2017 — ҚАРА БАБЫР / BLACK PANTHER / ЧЁРНАЯ ПАНТЕРА
  • 03.05.2018 — КЕКШІЛДЕР: ШЕКСІЗ СОҒЫС. І БӨЛІМ / AVENGERS: INFINITY WAR. PART I / МСТИТЕЛИ 3. ЧАСТЬ 1
  • 05.07.2018 — КАПИТАН МАРВЕЛ / СAPTAIN MARVEL / КАПИТАН МАРВЕЛ
  • 01.11.2018 — СҰМПАЙЫЛАР / INHUMANS / НЕЛЮДИ
  • 02.05.2019 — КЕКШІЛДЕР: ШЕКСІЗ СОҒЫС. ІІ БӨЛІМ / AVENGERS: INFINITY WAR. PART II / МСТИТЕЛИ 3. ЧАСТЬ 2

Осы күнге дейін MARVEL Киноәлемі аясында, «Темір Адам»-нан (2008) бастағанда, он фильм жарыққа шығарылды. Барлық фильм солтүстікамерикалық бокс-оффистерде алғашқы уик-энділерде топ жарып тұрды. Барлық он фильмнің бүкіл әлем бойынша жалпы түсімі 7 миллиард АҚШ долларынан асады. «Кекшілдер» фильмі ең кассалы фильмдер тарихында үшінші орынды, ал «Темір Адам» алтыншы орынды иемденген.

Осы жылдың сәуірінде MARVEL фильмі «Капитан Америка: Қысқы жауынгер» шығарылып, әлемдік прокатта 714 миллион АҚШ долларын жинады. Тағы бір MARVEL фильмі «Галактика сақшылары» 2014 жылдың тамызында шығарылып, 757 миллион АҚШ долларынан көп табыс әкелді.

 

Nurdaulet Zatilla

The Walt Disney Company Russia & CIS материалдары бойынша Meloman арқылы

Пікірлер