• Біздің парақшалар:

Жыл қорытындысы-2012. І эпизод: Жаз

І эпизод. Әлем киносы: оқиғалар, премьералар...

(Жалғасы...)

Жаз

Жаз мезгілі каникулға шыққан балалар үшін тамаша базарлықпен басталды. Осымен үшінші рет оралған «Мадагаскар» ("Мадагаскар 3: Еуропада іздеу салынады") жаңа кейіпкерлерімен, жаңа хикаяларымен қуантты. Қазақ тіліне аударылған Pixar-лық «Батыл жүрек» («Храбрая сердцем»; «Brave») те маусым айында жарыққа шықты. Ол аз десеңіз Марк Уэббтің жаңаша түсірілген «Өрмекші адамын» («Новый Человек-паук»; «The Amazing Spider-Man») қосыңыз. Ол да қазақша дубляждалды. Сиквелдер тақырыбын көпшілікке таныс болып кеткен «Мұз дәуірі: Құрлықтардың жылжуы» («Ледниковый период 4: Континентальный дрейф»; «Ice Age: Continental Drift») мультфильмі жалғастырды. Бұлардан бөлек Ресей мен шетел өндірістерінен анимациялық туындылар аз болған жоқ.

Жастар бағытындағы кино да жетерлік: «Мен сені қалаймын» («Три метра над уровнем неба: Я тебя хочу»; «Tengo ganas de ti»), «Бір адым алға» («Шаг вперед 4»; «Step Up Revolution»), «Жоғарыдан төменге» («Параллельные миры»; «Upside Down»), т.б. Дегенмен Кристофер Ноланның Бэтмен туралы трилогиясының шешуші бөлімі «Қара батырдың оралуы» («Темный рыцарь: Возрождение легенды»; «The Dark Knight Rises»), кезінде Арнольд Шварценеггер ойнап кеткен фантастикалық боевиктің ремейкі «Бәрін еске түсіру» («Вспомнить всё»; «Total Recall»), бала кезіміздегі боевик жұлдыздарының басын қосқан «Жанқиярлар 2» («Неудержимые 2»; «The Expendables 2») секілді премьералардың жөні бөлек қой.

Жалғасы бар...

 

Осыған дейін:

Бірінші мақала: Жыл қорытындысы. І эпизод: Қыс 

Екінші мақала: Жыл қорытындысы. І эпизод: Көктем

Пікірлер