• Біздің парақшалар:

2015 жылғы көктемнің үздік жаңа сериалдары (1 бөлім)

Әр жаңа телемаусым сайын жаңа сериалдар шығып жатады. Тіпті қайсысын таңдарыңды білмей, дал боласың. Ал таңдау жасаймын дегенше, жанры мен бағыты ұқсас басқалары шығып үлгереді. oKino.ua ақпараттық сайты шынымен көруге тұрарлық сериалдарға іріктеу жасап, 2015 жылдың көктемінде шыққан/шығатын тележобалардың ішінен ең үздіктерін ұсыныпты. Назар аударып көрелік.

Жердегі ең соңғы адам (The Last Man on Earth)

Бұнда Уилл Форте идеясын өзі ойлап тауып, өзі басты рөлде ойнапты. Фантастикалық комедияда Фил Миллер есімді азамат туралы баяндалады. 2022 жылы таңғажайып оқиға орын алып, Жер бетінде тірі қалған жалғыз адам болып шыға келеді. 

Сериал 1 наурыздан бастап көрсетіліп жатыр. 

Трейлер:

 

Батл Крик (Battle Creek)

Әңгіме екі детектив туралы. Көзқарастары мен өмірлік ұстанымдары екі түрлі құқық қорғаушылар бірігіп, қаладағы қылмыстық топтарға қарсы күреседі. Қылмыстық комедия жанрында түсірілген сериалда Джош Дюамель мен Дин Уинтерс ойнайды. Бұл жобаның басында кім тұрғанын білесіз бе? Әйгілі "Жанкештіні" жасаған Винс Гиллиган.

 Сериал 1 наурыздан бастап көрсетілуде.

Трейлер:

 

Құпиялар мен өтіріктер (Secrets and Lies)

Қылмыстық драма Бен есімді жігіттің төңірегінде өрбиді. Бір күні орманда жүгіріп жүріп, көрші баланың өлі денесін тауып алады. Осыдан кейін ол қылмысқа қатысты басты күдіктіге айналады. Тергеушілер істің ақ-қарасын анықтау кезінде қаладағы небір құпиялар мен өтіріктерді ашады. Басты рөлдерде - Джульетт Льюис пен Райан Филипп.

Телесериал 1 наурыздан бері көрсетіліп жатыр.

Трейлер:

 

Америкалық қылмыс (An American Crime)

Теледрама Америка қоғамындағы ұлтаралық қатынас, гендерлік теңсіздік секілді ауыр тақырыптар қозғалған. Бір отбасында болған қылмыс бүкіл ұлттық деңгейдегі дауға айналады. Сериал антология форматында жасалған. Жоба "Құлдықтағы 12 жыл" фильмі үшін "Оскар" алған Джон Ридлидің қолынан шығыпты.

Телехикая 5 наурыздан бастап көрсетілуде. 

Трейлер:

 

Қайтпас қайсар Кимми Шмидт (Unbreakable Kimmy Schmidt)

Телевизиялық комедия талай жылын жабық діни ағымда өткізген әйел туралы баяндайды. Нью-Йоркқа көшіп келгеннен кейін көп нәрсеге көзі ашылып, түрлі оқиғаларға тап болады. Басты рөлді Элли Кемпер сомдайды.

Сериал 6 наурыздан бастап көрсетілуде.

Трейлер:

 

Дереккөз: okino.ua

Пікірлер