• Біздің парақшалар:

2015 жылғы көктемнің үздік жаңа сериалдары (2 бөлім)

2015 жылдың көктемінде шыққан/шығатын тележобалардың ішінен ең үздіктерін ұсынып жатырмыз. Жалғасы. Басы өткен постта.

Құдірет (Powers) 

PlayStation ойын консолы аясында шығарылған алғашқы сериал. Сюжетте қарапайым адамдардың арасында өмір сүретін суперқаһармандар туралы баяндалады. Басты рөлде Шарлто Копли ойнайды.

Сериал 10 наурыздан бастап көрсетілуде.

Трейлер:

 

Патша отбасы (The Royals)

Сюжетіне қарап, қарапайым көрермен ағылшын патшайымының отбасы туралы жасалған сериал деп ойлап қалуы әбден мүмкін. Шындығында олай емес. Иә, сериал британ ақсүйектері туралы. Бірақ сюжет те, ондағы кейіпкерлер де ойдан құрастырылған. Актерлік құрамнан елеулісі - Элизабет Херли. Білетіндер сюжетте мына басты мәселелер көтерілген дейді: билік, секс, есірткі, ақша.

15 наурыздан бастап көрсетіліп жатыр.

Трейлер: 

 

Шежіре (Bloodline)

Ағайынды жігіттер туралы баяндайтын Netflix-тің жаңа теледрамасы. Отбасында ешкім айтпаған құпияны ағайындылардың бірі жайып салғанда, қызықтың "көкесі" сол кезде басталады екен. Сериал барынша салмақты, тіпті қатыгез дейді.

"Шежіре" 9 ақпанда жарық көрді.

Трейлер:

 

Басбұзар (Daredevil)

Marvel компаниясы өзінің "аса танымал емес" қаһармандары туралы сериалдар шығаруды қолға алғанын осыған дейін жазған едік қой. Сол бастаманың алғашқысы осы - "Басбұзар". Бұл қаһарман соқыр болғанына қарамастан, басқа сезім мүшелерін пайдаланып қылмыспен күрескен кейіпкер ретінде белгілі. Басты рөлде - Чарли Кокс.

Сериал 2 сәуірден бастап көрсетілуде.

Трейлер:


Уэйуорд Пайнс, немесе Бірбеткей қарағайлар (Wayward Pines)

Детектив сериал құпия қызметтің агенті төңірегінде өрбиді. Ол Уэйуорд Пайнс деген қалашыққа келіп, із-түссіз жоғалып кеткен екі әріптесін іздеп таппақ болады. Тергеу жауаптардың орнына жаңа сұрақтар туғызады. Басты рөлді Мэтт Диллон сомдайды.

Сериал 14 мамырдан бастап жарық көреді.

Трейлер:

 

Дереккөз: okino.ua

Пікірлер