• Біздің парақшалар:

Үздік романтикалық фильмдер

Үздік романтикалық фильмдер

Көбіміз жақсы әсер қалдыратын фильм көргенді ұнатамыз. Назарларыңызға кинопрокатқа шығып, халықтың жүрегін жаулап, жоғары бағаға ие болған таңдаулы фильмдерді ұсынамыз.

1. "Тамақтан, сыйын, сүй" ("Ешь, молись, люби") Тұрмыстағы Элизабет Гилберт күндердің бір күнінде жаңа өмір бастауға шешім қабылдайды. Ауыр ажырасу кезеңінен кейін жаңа әлемді тану үшін саяхатқа шығады. Бұл фильм тек АҚШ-қа емес, бүкіл әлемге танымал. Фильмнің шыққанына бес жыл өтсе де, осы күнге дейін танымал.

2. "Көл жағасындағы үй" ("Дом у озера") Кейт өз өмірінен жалығып, жаңа қалаға көшу туралы шешім қабылдайды. Алайда жаңа қалада өзінің көл жағасында орналасқан әсем үйін сағынады. Көшпес бұрын Кейт үйдің жаңа иесіне хат қалдырады. Алекс бұл хатқа жауап жазады. Осы жерден бастап Кейт пен Алекс хат жазысып, танысады. Бір күні олардың бірі 2004 жылы, екіншісі 2006 жылы өмір сүретіні белгілі болады. Кейт пен Алекс кездесу үшін барын салады.


3. "Екіжақты демалыс" ("Отпуск по обмену") Жергілікті газеттегі танымал айдардың авторы Айрис ағылшын провинциясындағы зәулім үйде тұрады. Ол басқа қызды сүйетін жігітке ғашық. Ал Калифорнияда Аманда атты бизнес леди күйеуінің көңілдесі бар екенін анықтайды. Өмірдегі, жұмыстағы мәселелерден шаршап, Айрис пен Аманда өзара келісім орнатады. Айрис АҚШ-тағы Аманданың үйіне, ал Аманда ағылшын жеріндегі Айристің үйінде екі апта тұруға шарттасады. Екі жақтағы демалыс екі арудың өмірін күрт өзгертеді.


4. "Махаббат саған ұқсайды" ("Любовь похожа на тебя") Дефне есімді ару жаңа жерге келіп, қоныстанады. Мұнда ол өз махаббатын кездестіреді. Өткен өмірі болашаққа нық қадам басуға кедергі жасайды.


Бұл - түріктің жаңа фильмі. Махаббат, қорқыныш, сенім, шарасыздық – бәрі бәрі бір фильмнің сюжетіне сыйып кетті. «Бұлбұл әнші/Королек» фильмінде ойнап, көрерменді өз өнерімен тәнті еткен Фахрие Эвджен де, Бурак Озчивит те жаңа туындыдағы рөлдерін алып шықты. Бұлардың қайсысын ұнаттыңыз?

Өз пікіріңізді қалдырыңыз!

https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/kino/31597/

Пікірлер