• Біздің парақшалар:

Үздік ер актерлер бестігі

1.Уилл Смит

2008 жылы  америкалық актер және хип-хоп орындаушы Уилл Смит әлемдегі шеберлігі ең қымбат бағаланатын актер болып танылды. Бірақ қазір бұл көрсеткішті басқа танымал талантты актерлер иеленіп отырса да, Уиллді біздің тізімімізге қосуды жөн көрдік. Уилл Голливудтің көптеген актерлері сынды АҚШ-тың Пенсильвания, Филадельфияның бай емес отбасында дүниеге келген. Өзінің туған штатында, көп жылдар өте келе, музыкант Джефф Таунспен танысады. Сонымен бірге, 1980 жылдары, өзінің хип-хоп дуэті DJ Jazzy Jeff & the Fresh Prince арқасында көпшілікке танымал болады. Себебі, бұл дуэт алғашқы болып, рэпті үздік орындағаны үшін «Грэмми» иегері атанды. 1990 жылы Уилл танымал «Беверли-Хиллз ханзадасы» телехикаясында басты рөлде, өзінің жас кезіндегі өмірін ойнап шығады. Хикая алты жыл бойы үлкен танымалдылыққа ие болып тұрды. Бірақ, 1990 жылдардың ортасында Уилл Смиттің жасөспірімдер арасындағы сүйікті актер ретіндегі танымалдылығы төмендеп қалады, одан кейін актер өзінің танымадылығын «Бұзық жігіттер» боевигінде басты рөлде түскеннен кейін қайта жоғарылатады. Дәл осы фильм Уилл Смит пен оның серіктесі Мартин Лоуренске бұрынғы танымалдығын қайтарды. Осы фильм арқасында, Orange News Уилл Смит пен Мартин Лоуренсті экранның үздік полицейлер жұбы деп таныды. Одан кейін, танымалдығы бұл фильмнен кем емес, «Тәуелсіздік күні» мен «Қара киімділер» блокбастерлері шығады, ал Уиллдің өзі орындаған музыкалық тақырыптар британдық чарттардің бірінші орындарын иеленді. Өзінің ұлы Джейденмен Уилл мемуарлар негізінде түсірілген «Бақытты іздеу жолында» драмасында түседі. Уилл Смит екі «Оскар» премиясының Номинанты, «Алтын глобустың» төрт дүркін номинанты,  «Грэмми» премиясының иегері. Уилл Смит қазіргі уақытта да, голливудтің ең көп сұранысқа ие актерлерінің бірі болып отыр.

2.Джим Керри

Голливудтің жарқын жұлдыздары туралы әңгіме қозғағанда, ең талантты актерлердің бірі Джим Керриді назардан тыс қалдыру мүмкін емес.   Керри 11 жаста болғанда Кэрол Барнеттің шоуына 80 пародия жіберген, бірақ жауабын сол күйі ала алмайды. 15 жасында әкесі Джимді Торонто қаласындағы Як-Як комедиялық клубына алып келеді. Оның бірінші сахнадағы өнері соншалықты сәтсіз болып шығады, нәтижесінде екі жыл мөлшерінде ол сахнаға шықпайды. Тек екі жылдан кейін, Джим өнерін қайта көпішілікке паш етуге бел буады және ол сәтті болып өтеді. Клубта ол менеджер Литрайс Спивака басшылығымен ол сахнаға шыға бастайды және 1981 жылдың ақпанында клуб жұлдызы болып танылды.   1983 жылы Джимнің актер ретіндегі дебюті «Маска» фильмінде болады. Дәл осы жылы ол режиссер Дэвид Митчеллдің «Барлығы жақсы мәнерде» және «Куппер тауы» фильмдерінде Бобби Тод рөлінде түседі. Екі жылдан кейін Керри өзінің алғашқы басты рөлін Сторм Ховардтың «Бір жолы шағылған» фильмінде орындады. Бірақ, ең қызықты кездер Джимді әлі алда күтіп тұрды. 1993 жылы Керри аз бюджетті фильм «Эйс Вентура: Үй жануарларын іздеу» түсіріліміне кіріседі. Прокатта фильм табысқа жетеді. Керри «MTV Movie Awards» премиясында ең үздік комедиялық рөл Джим номинацияға ие болады. Бірақ, басқа жағынан, сыншылар фильмді келемеждейді, ал Керри «Алтын таңқурай» премиясының ең жаман жаңа жұлдыз номинациясына түседі. Эйс Вентура кейіпкері «Empire» журналының нұсқасы бойынша, өлмес кейіпкерлердің жүздігі тізіміне енді. Ұмытылмас және көпшіліктің сүйікті «Маска», «Бэтмен мәңгілікке» «Эйс Вентура: Үй жануарларын іздеу»  ««Эйс Вентура: Табиғат шақырып тұрғанда»,  «Ақымақ және одан да ақымағы», «Суайт, суайт», «Барлығы қолынан келетін Брюс», «Труман шоуы», «Айдағы адам», «Таза сананың мәңгілік жарқырауы» - мұның бәрі Джим Керри. Джим ең қымбат комиктердің бірі. Керридің бірінші басты рөлі -  «Бір жолы шағылған» фильміндегі Марк Кендал рөлі. Джим Керридің таланты жоғары бағаланады: екі «Алтын глобустың иегері», BAFTA премиясының номинанты және тағы да басқа көптеген премиялардың иегері.

3.Майкл Дуглас

углас аты аңызға айналған актерлер Кирк Дуглас пен Диана Дуглас Дэрри отбасында дүниеге келген. Майкл әскери мектепте білім алған, бірақ әрдайым әкесінің жолын қууды армандаған және актер болу арманы үшін Йель университетіне түсуден бас тартқан. Танымалдыққа ол «Сан-Франциско көшелері» телехикаясындағы инспектор Стив Келлер рөлінен кейін қол жеткізеді. Актерлікпен қоса, Дуглас сәтті жобалардың продюсері болған. Майкл продюсерлеген «Көкек ұясынын үстінен ұшып бара жатқанда» фильмі сол онжылдықтың ең танвмал фильміне айналды, жылдың ең үздік фильмі номинациясында «Оскар» премиясын алды. Және бұл Дугластың жалғыз ғана жобасы емес. 1979 жылы шыққан, Дуглас продюсерлеген, сонымен қоса, басты рөлдердің бірін сомдаған «Қытай синдромы» фильмі де көпшіліктің назарынан тыс қалмады. 2013 жылы барлық басты АҚШ телемарапаттарына ие: «Эмми», «Алтын глобус», Стивен Содербергтің «Үлкен шамдалдың ар жағында» боевигіндегі Либераче рөлі үшін АҚШ киноактерлерінің Гильдия премиясы.

4.Киану Ривз

Өзінің актерлік мансабын Ривз 9 жасында «Қарғыс атқан янкилер» музыкалық комедиясының театралдық қойылымынан бастады. Үлкен экранға Ривзді басты рөлді Роб Лоу сомдаған «Янгблад» фильміндегі квебек қақпашысы рөлі алып келді. Бұл фильм шыққаннан кейін Ривз Лос-Анджелеске аттанады. Оның бұрынғы өгей әкесі, теарлады және телевизиялық режиссер Пол Аарон Ривздің келуінен бұрын кинопродюсер Эрвин Стоффты Кианудың менеджері мен агенті болуға көндіреді. Бірнеше кішкентай рөлдерден кейін Ривз 1986 жылғы «Өзен жағасында» драмасында көзге ілінетін рөлді сомдап шығады. 1990 жылдардың басында Ривз жасөспірімдерге арналған филмерді қойып, бюджеті жоғары фильмерде түсуді бастайды. «Толқын жотасында» (1991) боевигіндегі рөлі үшін ол 1992 жылы «Ең аяулы актер» номинациясында MTV марапатына ие болады. Өзінің блокбастерлердегі сәттіліктеріне қарамастан, Ривз екінші кезектегі рөлдерден де бас тарпай, қатысады. 1995 жылғы «Бұлттардағы серуен» романтикалық драмасындағы басты рөлі ең пікір-таласқа ие фильм болып шықты. Ривз басты рөлдердің бірін ойнаған «Шайтан қорғаушысы» фильмі кассалық сәттілікке ие болды, сонымен қатар, жақсы рецензиялар алады, онысымен ол ересек мансапқор рөлін ойнауға лайық екенін дәлелдеді. 1999 жылғы басты рөлді Ривз сомдаған, ғылыми-фантасикалық «Марица» боевигі де кассалық сәттілікке кенеліп созылмалы рецензияларға иеленді. 2005 жылдың 31 қаңтарында Киану Ривз Голливудтік даңқ аллеясында жұлдызға ие болды.

5.Том Хэнкс

Калифорниялық университетке түскеннен кейін, Хэнкс Кливлендте өнер көрсеткен кішкентай актерлік топ құрамына ену ұсынысын алғаннан кейін оқуын тастап кетеді. Киноға Хэнкс 1980 жылдан бастап түсе бастайды. Хэнксті көбінесе аз бюждетті фильмдерде түсіре бастайды, бірақ ол рөлдер актерге танымалдылыққа қолжеткізуге септігін тигізе қоймайды. Бірақ, Хэнксті атақ әлі алда күтіп тұрды. Танымал және көпшіліктің сүйікті «Үлкен» фильміндегі еркек денесіндегі баланың санасындағы кейіпкерді сомдаған рөлі актерге оның шығармашылық даралығынан айырылмас жұмсақ әзіл мен жылулықты көрсету мүмкіндігін береді. Рөл оған «Алтын глобус» пен «Оскардың» бірінші номинациясын сыйлады. Жұптасы ит болған «Тёрнер және Хуч» фильмі де көрермендердің назарынан тыс қалмады. Сол кездердегі Том Хэнкс ойнаған «Филадельфия» фильміндегі (1993) рөлі ең сәтті болып саналады, онда ол ЖИТСпен  ауру адам рөлін сомдады. Сыншылар масаттана, Хэнкс Роберт Де Нироның рөл үшін 10 килограммға арықтау ерлігін қайталай алды деп жазды. Бұл рөл оған «Оскар» премиясын сыйлады. Бірақ басты триумфты Хэнкске «Форрест Гамп фильмі алып келді, онда ол нағыз сенсацияға айналған рөлді сомдайды. Фильм алты «Оскар» алды. Сүйікті актерлерінің түскен фильмдерді қараған сайын, рөлге толықтай еніп, оны үздік ойнап шығудың қаншалықты қиын екенін сіз өзіңізге елестете аласыз ба? Егер шынымен, өзініңізді актердің орнына қойып көрсеңіз, мұның расымен оңай емес екендігін аңғару қиынға соқпайды. Бүл кезде бірдей дәрежеде талант пен кәсіпқорлық маңызды. Ал мұндай қасиеттер біздің мақаланың актерлерінде бар екендігі сөзсіз.

https://kazakh-tv.kz/kz/view/column/page_65563_yzdik-er-akterler-bestigi

Пікірлер