• Біздің парақшалар:

Отбасылық кино: Жасанды сана

Бүгін жасанды интеллект, адам болуға ұмтылған құлтемірлер тақырыбына арналған фильм туралы айтамыз. Ол Брайн Олдистің "Суперроботтар бүкіл жаз бойына өмір сүреді" ("Supertoys Last All Summer Long") әңгімесінің негізінде түсірілген Стивен Спилбергтің "Жасанды сана" (Искусственный разум / Artificial Intelligence: AI) фантастикалық драмасы.

Қысқаша суреттемесі: Жаһандық жылынудан аман қалған және ғылымның жан түршіктірер жетістіктеріне толы болашақ әлемде қарапайым адамдар таңғажайып та, күрделі роботтармен бірге өмір сүреді. Дэвид есімді бала-роботтың жетілдірілген прототипі анаға деген махаббат сезімдерін туғыза алатын бағдарламамен жабдықталғаннан кейін, оны "асырап" алған отбасы роботтың тарапынан білінген осындай пәк сезімге дайын болмай шығады. Көп кешікпей Дэвид қауіпті әлемде жалғыз қалады. Көшедегі роботтың көмегімен Дэвид өзінің шыққан тегін іздеуге шығады.

Әрине, суреттемеде келтірілгендей баланың тағдыры соншалықты қарапайым емес. Оны анасы робот болғаны үшін тастап кетеді. Сенгіш бала-робот ертегіден естіген мейірімді Феяны іздеп, одан анасымен бірге болуды сұрамақ болады. Бірақ, ол ертегі мен шынайы өмір - мүлдем екі дүние екенін әлі білмейтін еді. Анасының махаббатына зәру болған баланың алыс жерлерге сапарлаудан басқа амалы қалмайды.

Фильм кез-келген көрерменін бей-жай қалдырмайтыны анық.

Фильм жайында:

Атауы: «Жасанды сана» («Искусственный разум»; «Artificial Intelligence: AI»)

Елі, жылы: АҚШ; 2001

Жанры: фантастика, драма, қызық оқиғалы

Ұзақтығы: 146 минут

Режиссер: Стивен Спилберг

Рөлдерде: Хэйли Джоэл Осмент, Джуд Лоу, Фрэнсис О’Коннор, Сэм Робардс, Джейк Томас, Уильям Хёрт, Кен Люн, Кларк Грегг, Кевин Суссман, Том Гэллоп

Пікірлер