• Біздің парақшалар:

Отбасылық кино: 200 жылдық адам

Суреттемесі: Жаңа мыңжылдың басы; жаһандық технологияда серпінді жұмыстар іске асады. Адам үйде енді ит пен мысық ұстамайды: олар өздеріне құлтемірлер сатып алады. Міне, Мартиндер отбасы да өздеріне таңғажайып сыйлық алады: жаңа кезеңнің NDR-114 құлтемірі, ал қарапайым өмірде жай ғана Эндрю. Үй жұмыстарын жасауға арналған аспап Эндрю, кенеттен тосын нәрселерді сезіне бастайды. Бірақ ол бұл құбылыстардың сезім деп аталатынын әлі білмейтін еді.

Адамдар мен құлтермірдің қарым-қатынасын тамашалай отырып, өзіміздің бойымызда байқала бермейтін кейбір кемшіліктер мен түйткілдерді көре аламыз. Қайырымдылық, кешірімді болу, адал болуға ұмтылу секілді қасиеттер кейіпкерлердің, әсіресе басты кейіпкер - робот Эндрюдің образы арқылы тамаша берілген.

Робин Уильямстың тағы бір тамаша ойынын көре аласыздар. Оның кейіпкерінің құлтемірден адамға айналуға деген ниеті көп оқиғаларға ұрындырады. Дегенмен, ол мақсатынан еш қайтпайды. Арманына жету үшін бар күш-жігерін жұмсайды. Жай сыртқы келбетін өзгертіп қана қоймай, адамға тән мінез-құлық, адамгершілік қасиеттерін де игереді. Адамдар оны "адам" ретінде ресми мойындауы үшін бәріне барады.

Фильм кез-келген жас шамасындағы көрерменін бей-жай қалдырмайды.

Фильм жайында:

Атауы: Bicentennial Man (Екі жүз жылдық адам; Двухсотлетний человек)

Елі, жылы: АҚШ, Германия; 1999

Жанры: фантастика, фэнтези, драма, мелодрама, отбасылық

Ұзақтығы: 126 минут

Режиссер: Крис Коламбус

Рөлдерде: Робин Уильямс, Эмбет Дэвидц, Сэм Нил, Оливер Плэтт, Кирстен Уоррен, Венди Крюсон, Халли Кейт Айзенберг, Линдзи Летерман, Анджела Лэндис, Джон Майкл Хиггинс

Пікірлер