• Біздің парақшалар:

АСАНӘЛІНІҢ ӘЗІЛДЕРІ...

Бір үйдің кітап сөресіне Махамбеттің, Абайдың, Олжас Сүлейменовтің суреттері қойылса керек. Мұны көрген Асанәлі: «Қазақ халқының басынан өткен орыс экспансиясының нәтижесін танытатын көрнекі құрал сияқты екен»,-депті.


Бір отырыста ішіп алған жұрт ананы-мынаны айтып отырып алыпты. Сонда Асанәлі даусын шығарынқырап: «Данышпан Маркс айтқан екен...»дейді. Жұрт: «Е, не депті?!» дегендей елеңдеп ошарыла қарап қалады.  Сол кезде Асанәлі: «Данышпан Маркс: кез-келген отырыс түптің-түбінде әйтеуір бір тарқайды-депті».

Сонда ғана отырғандар орнынан тұрыпты дейді.


Бірде Асанәлі Әшімұлы ұлы Сағимен бірге таксиде келе жатады. Таксист орыс шалы қырсықтау болса керек, баратын жеріне жеткізбей түсіреді. Таксидің есепшоты -2 сом 85 тиын тұрады. Асекең 3 сом береді де отыра береді. Таксист «түспейсіз бе?»дейді. Асекең «сдачымды күтіп отырмын»дейді. Таксист ренжіп 20 тиын береді. Асекең 10 тиын беріп тағы күтіп отыра береді. Анау шал тағы да «түспейсіз бе?» дейді. Асекең тағы да «сдачымды күтіп отырмын» деді. Таксист тас-талқан болып 10 тиынды лақтырып жібереді. Асекең 10 тиынды әлгіге лақтырып «сен маған өмірбақи 5 тиын қарызсың»деп шығып кетеді. Сағи не болғанын түсінбей: «Ой, аға, не болды сонша, 3 сом ғой, бере салмадың ба?» дейді. Сонда Асекең:

-Әрине, сен бересің, өйткені сен байсың, әкең Халық әртісі, ал мен жетіммін ғой, маған 5 тиын көп ақша,-депті.

Осы бір оқиғаға ерінбей-жалықпай мән берген Асекең сірә екеуіне де сабақ болсын деген болуы керек.

 

(Асанәлі Әшімұлының күнделігінен алынған әзілдер топтамасы)

Пікірлер