• Біздің парақшалар:

Доктор Хаус және Хью Лори

"Доктор Хаус" сериалының телевидениедегі таңғаларлық танымалдығының арқасында, оның басты кейіпкері әлемнің ең танымал дәрігері атанды. Сериал бүгінгі күнге дейін телевидениедегі ең рейтингі жоғары шоу саналады.

2004 жылы 16 қарашада осы атпен АҚШ экранында телесериал пайда болған еді. Соңғы 177-ші серия 2012 жылы 21 мамырда жарыққа шықты. 8 жылға созылған және 8 маусымға бөлінген сериал көптеген беделді сый-атақтарға ие болды, олардың ішінде "Эмми", "Пибоди" сыйлықтары бар.

Актер Хью Лоридің диплом бойынша мамандығы - әлеуметтік антрополог. Ал 1977 жылы ескек есуден Британия чемпионы болып, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына Англия атынан қатысты.

Доктор Хаустың рөліне талай актерлер байқаудан өтті, бірақ көптің ішінен американдық акценті тамаша - Хью Лори таңдалыпты. Дегенмен Хьюдің өзі іріктеуге фильмдегі Хаустың досы - доктор Уилсонның рөлін ойнау үшін қатысыпты.

Сериалдың режиссерлері Конан Дойл шығармашылының табынушылары болып табылады. Сондықтан сериалда Шерлок Холмс кейіпкеріне ұқсас сәттер де кездеседі. Мысалы Грегори Хаус Шерлок секілді 221В нөмірлі үйде тұрады. Кейіпкерлердің аттарында да ұқсастықтар бар: Хаус - Холмс.

Сериалда Хаус Honda CBR1000RR Repsol Replica мотоциклімен жүреді. Актер де өмірде мотоциклдерді өте жақсы көреді, тіпті алғашқы еңбекақысына Лори Triumph Bonneville 790 екі дөңгелекті көлігін сатып алуға жұмсапты.

Фильмде "жегі" ("волчанка" - тері ауруы) ауруына қатысты сәттер көп кездеседі. Сериалды жасаушылар бұл ауру түрінің көп айтылатынын ескеріп, ол сөзді көп қолданбауға тырысқанымен, "жегі" сөзі бәрібір Хаус үшін символикалық болып қалды.

Хью Лоридің сүйікті актері - Стив МакКуин. Сериалдағы Хаустың тышқаны сол актердің құрметіне оның атымен аталады.

Актер Лориде депрессия ұстамасы болып тұрады екен. Осындай сәттерде ол өзін ешкімге керексіз, сериалдың арқасында келген атақ-даңқа тұрмайтын жан деп сезінетін көрінеді. Бірақ "Доктор Хаус" - кез-келген киногер қызғана да, қызыға қарайтын, әлем бойынша танымалдылыққа ие болған бірегей сериалдардың бірі болып қала бермек.

Пікірлер