• Біздің парақшалар:

Әлемнің ең тентек итімен қалай өмір сүру керек?

Фильмге журналист Джон Грогэнның аттас мемуар кітабы арқау болған. Үйленгеннен кейін Джон мен Дженни Грогэндар суық Мичиганнан Флоридаға көшіп, екеуі де газет репортері болып қызмет атқара бастайды. Жас жұбайлар балалы болуға дайындықтарын тексеру мақсатымен, олар жақын достарының кеңесімен алдымен ит ұстап көруді шешеді. Олар өздері таңдап алған күшік өте есерсоқ болып шығады. Өзінің қылықтарымен иелерін қайта тәрбиелеуге тырысады.

Иә, шынымен де бұл лабрадор олардың өміріндегі ең үлкен сынақ боларын жұбайлар күтпеген еді. Дегенмен, олардың өмірлерінде болған барлық маңызды оқиғалар, барлық есте қаларлық жағдайлар осы иттің қатысуымен өтеді.

Лабрадор тұқымдас иттің аты - Марли. Бұл есім әлемге танымал болған ямайкалық музыкант Боб Марлидің құрметіне қойылған.

Ит шынымен де өзгеге ұқсамайтын ерекшелігімен есте қалады. Ол өте тентек, тіл алмайды. Иелері оған тіпті кейде қатты ашуланып, одан құтылудың амалдарын да ойластырмақ болады. Бірақ оның күлкілі, сүйкімді қылықтары да жетерлік. Қожайындары да Марлиден арылу туралы ойларын осындай қызықты кездерде ұмытып кетеді.

Егер үй жануарларын ұнатсаңыз, жалпы осындай күлкілі жағдайларға толы мейірімді кино қаласаңыз - "Марли және мен" сіздің сұранысыңызды қанағаттандыра түсері анық. Ал, бұл аздық етсе Джон Грогэннің "Марли и мы" кітабын оқыңыз. Кинокартинаға негіз болған шығарма көрген фильмге қосымша әсерлер береді.

Фильм жайында:

Атауы: Марли және мен (Марли и я / Marley & Me)

Елі, жылы: АҚШ; 2008

Жанры: драма, мелодрама, комедия, отбасылық

Ұзақтығы: 115 минут

Режиссер: Дэвид Фрэнкел

Рөлдерде: Оуэн Уилсон, Дженнифер Энистон, Эрик Дэйн, Кэтлин Тёрнер, Алан Аркин, Натан Гэмбл, Хейли Беннетт, Энн Дауд, Кларк Питерс, Финли Якобс

Пікірлер