• Біздің парақшалар:

"Студент года" фильмі туралы

Жоғары оқу орнына түсемін деп талаптанып жүрген абитуренттер үшін бұл фильмді көрмей-ақ қойса да болады. Шын мәнінде, еліміздегі студенттік өмірден әлдеқайда өзгешелеу. Ал енді фильм туралы.

Жастық жалын, уайымсыз өмір, болашақ  үшін күрес.  Сосын әрине келбетті жігіттер, көрікті қыздар және әсем әуен. Америкалық сюжет пен үнділік  аураның қосындысынан жастар үшін сүйікті фильм шыққан.  «Барвиха» мен «Золотой мололдежьдің» үнділік нұсқасы.

-          Сюжет. Жаңағы айтқандай  кәдуілгі  тинейджерлерге арналған сюжетке тұздық ретінде  ересек өмірдің  «проблемаларын»  қосып,  жасөспірімдерден бөлек 25-ке даейінгі жастар көретін туындыға айналдырады.   Фильмнің басталуы мен соңы  жеңіл мелодрамалық комедияға салмақтылық қосқандай болады. Фильмді қарап  отырып, алдын-ала кім-кімге қосылатынын біліп отырасың. Бірақ жеңіс жолындағы күрес сені елітіп алып кетеді, қиыннан қиыстыра білген сюжетті сізді  күтпеген ағындарға алып кетеді. Былайша айтқанда «бар, бәле» осы жерде. Бәрі «Студент года» сайысынан басталады.  Осы сайыс кезінде де бәріне нүкте қойылады.

-           Кейіпкерлер. Әр фильмде  «сындым ғой» дейтін жігіт, «боянбаса мұндай сұлуу емес шығар» дейтін қыз,  «қуғынбай, иә» деп, комедияның ең күлкілі жүгін арқалайтын бір кейіпкер тағы болады. Сосын « мынау жақсы ғой одан да» деген, махаббат үшбұрышын құраушы  жігіт болады.  Ол жігітті жақсы көретін қыздың құрбысын ұмытпаймыз. Негізгі кейіпкерлердің образын ашуға қажетті қосалқы кейіпкерлер – достары, мұғалімдері. Зұлым күштің ролінде  - «сынатын жігіттің» әкесі.  Әрқайсысы өз рөлін сәтті сомдап шыққан. Тек Каджолдан басқа. Бұл туралы келесі  пунктте

-          Әуен. Үнді мотиві, балалық шағыңнан-ақ  түсінбесеңде санаңа сіңірілген хинди тілі, билеп ала жөнелгің келетін музыка. Каран Джохар (реж.)  жаһандану процесінен тыс қалғысы келмегендігі ме  батыстық стиль әр әуенде ойнайды.  Би қойылымдары, киім үлгілері, массовка барлығы құралып өзінше 4-5 минуттық шоуға айналған. Бұл тұрғыда келгенде Болливудтан кемшілік таба алмайсың. Енді жаңағы айтқан Каджол.  Үнді фильмін көретіндердің бәрі біледі бұл актрисаны. Бірақ, фильмнің соңғы жағындағы би қойылымында неге жүргені түсініксіз. Ешқандай ролі жоқ, әділқазылар алқасында да отырмады, екі жігіттің арасында бірнеше секунд әдемі би үлгісін көрсетті де жоқ болды. Түсінбедім(((

-          Жалпы көрінісі. Өте сапалы шыққан фильм. Әрбір деталь ерекше үйлесіммен, өз орындарын таба білген. Қызылды-жасылды кадрлерге қарап отырып-ақ көңілің көтеріледі. Үнді менталитетін жоғалтпауға тырысып, барынша «шетелдік» қылып түсіруге тырысқан.

-          Достық , махаббаттан бөлек сенім, өз ортаңдағы бағаңды білу тәрізді  әр жастың бойына тән сезімді астарлап жеткізе білген.

 

Қысқасын айтқанда, апта бойы айналаңыздағы негативтен шаршап, бір сәтке демалғыңыз келсе, сүйіктіңізді немесе құрбыңызды алып, демалып көруге болатын фильм. Көңілің көтеріледі, жастық шағыңыз үшін тағы бір рет қуанасыз.

 

 

 

 

 

Пікірлер