• Біздің парақшалар:

"Сақиналар әміршісі" трилогиясы жайлы қызықты деректер

  1. "Сақиналар әміршісі" кітабы 60 жыл бұрын алғаш рет Ұлыбританияда жарық көрген. Яғни, 1954 жылы Джон Роналд Руэл Толкин жазған кітап жұртшылыққа кеңінен таныла бастады. Кітап алғашында Толкиннің балаларына оқып беретін ертегісі ретінде жазылған. Қазіргі күні кітаптың 50 миллион данасы сатылып, 25 тілге аударылған.
  2. "Сақиналар әміршісі" кітабы бойынша кино түсіруге рұқсат 1969 жылы алынған. Алғашқы фильмге «The Beatles» тобының әншілері түспекші болған. Джон Леннон Голлумды, Пол МакКартни - Фродо, Ринго Старр – Фродоның досы Сэмді, ал Джордж Харрисон Гендальф ролін сомдамақшы болған. Алайда,  режиссер Стэнли Кубрик мұндай фильм түсіру мүмкін емес деп бас тартқан.

3. Питер Джексон алғаш рет фильмді түсіре бастаған кезде "Сақиналар әміршісі" кітабының 27 данасын құртқан, ол әр кітапқа өз ойларын жазып, сол беттерді түсірілім кезінде жыртып алып отырған.

4. Фродоның ағасы Бильбо Беггинстың ата-анасының суретін Питер Джексон өз қолымен салған.

5. "Сақиналар әміршісі" фильмі бас-аяғы 17 Оскар сыйлығын алған. Фильмнің 3- бөлімі 11 оскарға ие болды. Бұндай жетістік тек "Титаник" пен "Бен-Гур" фильмдерінде ғана бар.

6. Фильмді түсіру барысында барлық актерлар  парик киіп жүрген. Тек Питер Джексонның ұлы Билли ғана парик кимеген. Себебі, режиссер өзінің ұлының шашын "нағыз хоббиттердің шаш үлгісі" санаған. Айтпақшы, фильмнің 3 бөлімінде режиссердың ұлы мен қызы және өзі түскен.

7. Фильмді түсіру кезінде хоббитердің «аяғы» мен «құлақтарының»  1800 сыңары қолданған. Себебі, киноны түсірудің әр күні жаңа аяқ киім киюге тура келген. Ал киілген аяқ киімдер сол күні өртеліп отырған.

8. 9 бауырды сомдаған 9 актердың сегізінде эльфтер таңбасы бойынша жазылған "9" бейнеленген татуаж бар. Элайджи Вудта ол таңба ішінің төмен жағында, ал Блумда иығының астында,  ал 2 актерда тобығында болса, қалған төртеуінің иығында орналасқан. Бұл татуажды салудан гном Гимли Джонды сомдаған актер Рис-Дэвис бас тартқан.

9. Фильмді Жаңа Зеландия аралдарында түсірген. Түсіру жұмыстары Жаңа Зеландия мемлекетіне 200 миллион доллар пайда әкелген. Жаңа Зеландия мемлекеті киноның түсірілуіне көп көмектескен, тіпті  "Сақина әміршісі" фильмі бойынша министірлік құрған.

10. Фильмді түсіру кезінде Жаңа Зеландия аралдарына өте көп мөлшерде шаштар алынып келінген. Бұл шаштардан актерларға париктер жасалған. Шаштардың басым бөлігі Ресейден сатылынып алынған екен.

11. Weta Workshop компаниясы "Сақиналар әміршісі" фильміне арнайы 10 мың жебе, 500 садақ және 48 мың қорғаныш құралдарын жасап шығарған.

Пікірлер