• Біздің парақшалар:

Хитмэн туралы сіз білу керек нәрселер

Бүгін, 3 қыркүйектен бастап ТМД прокатына "Хитмэн: Агент 47" боевигі шығып жатыр. Компьютерлік ойынның кейіпкерінен киноқаһарман жасаудың бұл екінші әрекеті. Естеріңізде болса, алғашқы нұсқа 2007 жылы шыққан болатын.

"Twentieth Century Fox" студиясы 2003 жылы "Hitman" ойынын экрандау құқығын сатып алғаннан кейін, кинонұсқаның сценарийін жазуды Скип Вудсқа тапсырған болатын. Сценарий нақты бір актерге лайықталып жазылды - Агент 47-ні Вин Дизель сомдау керек болды. Бірақ түсірілім мерзімі таяған кезде басты актер ауысты, В. Дизельдің орнына Тимоти Олифант келді.

Фильм нарықтан шығындарын өтей алды, тіпті аздап үстеме пайда да тапты. Бірақ сыншылардың қаһарына ұшырады: рейтинг сайттарындағы көрсеткіштер бұған куә - Rotten Tomatoes — 14 %, Metacritic — 35 %.

Ойынның фанаттары фильмді жылы қабылдады деп айту қиын. Олар басты кейіпкердің өздері үйреніп қалған типке аса ұқсамайтынын айтады, сюжеттің де ойынмен сәйкесетін тұстары жоқ.

Әрі қарай екінші бөлімі түсірілуі тиіс еді. Бірақ Тимоти Олифант өз рөліне қайтып оралуға құлықсыз екенін ашық жеткізді. Басқа да кедергілер жобаның іске аспай қалуына себеп болды. Сөйтіп, сиквел емес, франшизаны қайтадан жаңғырту туралы әңгіме қозғалды.

Жаңа нұсқаның басты рөліне Пол Уокер бекітілді. Бірақ актердің мезгілсіз қазасы жобаның түсірілімін бірнеше айға кейінге шегеруге итермеледі. Басты рөлге Руперт Френд қабылданғаннан кейін, түсірілім 2014 жылы ақпанда басталды.

Бастапқы пікірлерге сүйенсек, жаңғыртылған жаңа нұсқа да кереметтей топ жармайтын секілді.

Пікірлер

  • Key lime pie or bars are one of my fave destsrse. I use a lime squeezer that I bought from Wal-Mart to juice the limes, putting 2 halves in at a time. It goes pretty fast.

  • Facile, le style est reconnaissable.Quand la question est posée…la réponse est donnée sans dÃiaeur.Contrt©roment à d’autres qui changent de pseudos…comme des vestes http://fftubdglfmh.com [url=http://vdokuzeqdot.com]vdokuzeqdot[/url] [link=http://onwfrffsyb.com]onwfrffsyb[/link]