• Біздің парақшалар:

Star Wars: Жұлдыздар шайқасы ма, Жұлдызды соғыстар ма?

Star Wars. Біз бұл киносериалды орыс тілді прокатшылардың арқасында "Звездные войны" деп танимыз.

Біз Киностанды ашып, кино әлеміндегі жаңалықтарды жаза бастағанда бір қиындыққа кездестік: фильмдер атауы. Бастапқыда сіз түгіл, өзіміз - авторларға да кейбір қазақша атаулар күлкілі естілетін. Бірақ қайталап жаза берсеңіз, қайталап оны оқи берсеңіз - бастапқыда күлкілі естілетін, құлаққа түрпідей тиетін атауларға да бой үйрете бастайды екенсіз. Тіпті кейбір фильмдерді ауызекі сөйлескенде де сол өзіміз аударып алған қазақша атаулармен автоматты түрде атай бастадық.

"Star Wars" туралы жаза бастағанда да аздап қиналдық. Бұны қалай атаймыз деген сұрақ болды. "Жұлдыздағы соғыстар", "Жұлдыздар соғысы", "Жұлдызды соғыстар" - бұл нұсқалардың ешбірі ұнай қоймайды. Бір киноманның кеңесімен "Ғарыштағы соғыстар" деп атайықшы деп шештік. Ол кезде 7-ші эпизодтың қазақшаға дубляждалатынынан бейхабар едік, әйтпесе солардың ресми атауын күтіп, соған сәйкестендірер едік қой.

Сөйтіп, Киностанша айтқанда - "Ғарыштағы соғыстардың" қазақ тіліне дубляждалып жатқаны белгілі болды, алғашқы тизердің қазақша дыбысталған нұсқасы жарияланды. Тизердегі атау - "Жұлдыздар шайқасы: Күштің серпілісі" деп қойылыпты. Қазақ тіліне дубляждалған фильмдер әдетте атауларын өзгертпейді, трейлерде қалай болса - прокат кезінде де сол күйінде, өзгеріссіз қалады. Сол себепті біз де бұл түпкілікті атауы екен деп, енді осы жобаға қатысты жаңалық-материалдардың барлығын "Жұлдыздар шайқасы: Күштің серпілісі" деп жазып жүрдік.

Енді жақында жарық көрген толыққанды трейлерден білгеніміз - фильмнің қазақша нұсқасының атауы өзгеріпті. Енді ол - "Жұлдызды соғыстар: Күштің оянуы" деп аталады. Бір жаманы сол - біз тизердегі нұсқаға үйреніп қалып едік. Оның үстіне "Жұлдызды соғыстар" кішкене қазақ тілінің спецификасына келмейтін тәрізді. Бастапқыда біз бұл атаудан бас тартып, сол себепті "Ғарыштағы соғыстар" деп айтып жүр едік қой. Осы уәжімді прокатшыларға жеткізбек болдым, олар менің сөзім ешқандай мәнге ие емес екенін сыпайы түрде жеткізді :)

Қалай ойлайсыздар, қандай атау осы атақты саганың мән-мағынасын ашып, халықтың кұлағына сіңіп кете алады? Ең болмаса осы жерде талқылайық :)

Пікірлер

  • That's a knowing answer to a diflfcuit question

  • &quot;Hey youtube team, get rid of the ability to remove comments on others vids after posting them. This is youtube, a video sharing site, not myspace. Obviously the youtube team fails to realize this after being bought out by <a href="http://isdxlvd.com">goe.olg&quot;</a> Not only do they fail to realize that, but they also fail to realize that their own community hates them. Remember the whole bulletin deal, where almost everybody closed their accounts out of rage and went on to BETTER video hosting sites?

  • Great ideas! We must become a NATION that recycles and gives to those in need. Doen&s#8217;t always have to be money, it can be giving away what we don&#8217;t use or don&#8217;t need. Thank you! http://tomnva.com [url=http://dyuqtl.com]dyuqtl[/url] [link=http://rzhfpvunk.com]rzhfpvunk[/link]

  • Puse cap la cap, dupa toata aceasta aventura cu diverse Web Brosere, avand in vedere ca folosesc Sandboxie (la ora actuala protectia cea mai buna pentru Web Browsere), Voi ramane cu &#8230;. surpriza &#8230;. nu e o gluma &#8230;.. serios &#8230;. voi ramane cu IE9!!! Ha, ha, ha!!!!!!!!!!!!! http://calfdmpat.com [url=http://ixgoiv.com]ixgoiv[/url] [link=http://ksmsjqwa.com]ksmsjqwa[/link]