• Біздің парақшалар:

Рецензия жазу туралы

Рецензия дегеніміз қысқаша айтқанда - сіздің фильмге жасаған талдауыңыз, оған берген бағаңыз. Әрі барсақ - әдеби жанр. Бірақ бұл жерде сізден әдебиет талаптарын қатаң сақта деп талап етпейді. Шолуыңыз еркін формада жазылсын. Дегенмен, келесі нәрселерді  біле жүріңіз:

  • Рецензия бұл пікір (коммент) емес. Мысалы: «Күшті», «Ұнамады», «Керемет» деп бір ауыз сөзбен қысқа қайырып тастауға болмайды. 
  • Рецензия ауызекі тілде қолданып жүрген тым қарабайыр сөздермен жазылмауы тиіс. Бұл да өзге шығармалар секілді көркем әрі ұғынықты тілмен жазылады.
  • Рецензияны еріктен тыс жазуға болмайды. Рецензия жазу кезінде еш қызығушылық болмаса, іш пысып кетсе, рецензия жазуды қоя салу керек

Рецензия жазуға талпынып жүргендер үшін шағын кеңесіміз бар. Сонда айтылған шарттарды басшылыққа ала жүрсеңіз - тіптен керемет болар еді. Толығырақ мына жерде: Киноға рецензия жазу

 

Айтпақшы, рецензия жазатын жерге қалдырылған пікір, пікірталас түріндегі жазбалар қабылданбайды. Рецензия жазғанда біздегі бағалау жүйесі арқылы фильмді бағалауды да ұмытпағайсыз. 

Мысал ретінде: Димаш Зияиннің "Скайфолл" фильміне рецензиясы: http://kinostan.kz/film/view?id=47

Пікірлер

  • рецензия жазармыз!!!бирак бул киноларды калай коре аламыз!!!

  • Алмат, өкінішке орай "Киностан" порталында фильмдерді сатып алып, онлайн көрсету мүмкіндігін жасауға қаржы жоқ. Бір ғана жол - өзіңіз кинотеатрдан немесе лицензиялық дисктен көруіңіз керек. Сол бойынша рецензия жазуыңызға болады :)

  • thanks towards this significant revealing website, living up the massive jobless check out this <a href=http://onlinecasinos-x.com>online casinos</a> offers , buy <a href=http://www.sextoysfun.net>sex toys</a>

  • thanks benefit of this colossal illuminating website, finance up the great undertaking check out this <a href=http://onlinecasinos-x.com>online casino</a> offers , buy <a href=http://adultsrus.us>sex toys</a>