• Біздің парақшалар:

"Анаға апарар жол"

Ел басымен көрген бір фильм

Ойласам қызық...

Киносыншы маманы ретінде Керуенде көктемнің бірінші күні, «Анаға апарар жол» дейтін фильмге арнайы шақыртумен бардық. Елбасының өзі де келіп халықпен сол уақытта бірге тамашалады.

Фильмнің алғашқы кадрлерінде елбасының қанатты сөзі мен тарихи фактлер шықты. Оқып ары қарайғы оқиғаларға іштей дайындық жасадым. Шын мәнісінде де таихтың біраз беттерін ашып оқиғаны қырық жылдан астам уақытқа  ақтардық, сосын Ілиястың оқиғасы көріп отырған кезде жағдайды түсіндіре отырып тәрбиеледі, үйткені Ілияс батыр, әрі сабырлы сынға шын төзімділік көрсетті, қай жағынан болмасын  балалар үйінде жатып бітірген мектепті жақсы бітірген, кез-келген іске икемді болды, соғыста да, шыдамдылығы мен ақылдылығының арқасында, ерлігін көрсете білді. Соғыс демекші, бұл жерде үлкен режиссерлік, әрі анимациялық және монтаждық жұмыс өзінің жақсы нәтижесін берді. Мұнда әрқарайғы тосыннан болатын оқиғалар адамды жалықтымайды, сценариін жазған Тимур Жақсылықов ағамызды да жақсы тарихшы және саясаткер ретінде танимыз ғой. (ДРАМАТУРГИЯ) Негізінен режиссер Ақан Сатаев ағамыздың фильмдерінде басты кейіпкер қиындықпен көп алпарысатынын байқаймыз халыққа да керегі осы емес пе?!

Фильмді байқап отырсақ басты кейіпкердің шаңырағында әуел бастан қиындықтың хабары жетеді, кейін қаттыға қатты боламын дегенде сынып ажалы жетеді, баласы жетім әйелі жесір болатындай жағдайға түседі, бір әулеттің екіге қақ жарылсада бауырының баласына жан-ашырлық танытатыны тағы да бауырына деген махаббаттың белгісі айқын көрінеді.

Сонда да үміті үзілмеген ана, бала, келіні. Қаншама қиындыққа амалсызда төзеді. Төзудің жолы қандай болды? Олар сол кездегі заңға бағына жүріп, үмітін үзбей жақсылыққа қарай икемделді, бір сүрінді, бір тұрды, бірақ ең соңғы сәтке дейін Алладан күдер үзбеген

Дей тұрғанымен, бұл фильм үлкен философиялық, саяси, әрі рухани тұрғысынан тереңірек қазбаласақ әр детальінен үлкен-үлкен ұлттық негіздеріміз шығады. Кинотанушы ретінде менің де арманым осы болатын.

Пікірлер