• Біздің парақшалар:

SuperТой – SuperҒой!

SuperТой фильмі таза пародия фильм. Техникалық тұрғыдан да бірнеше фильмге пародия байқауға болады, ал жалпы тұтастай алғанда біздің қоғамға пародия. Қоғамға, адам қатынастарына, түрлі әлеуметтік статустарға, дәстүрлерге пародия. Бәз біреулерге бұл ұнамауы мүмкін, негізінде ұлтшыл бағытта түсірілген «Келинка Сабинаны» түсінбегендер бұл фильмді де түсінбеуі мүмкін. Қазақты қорлау, салт-дәстүрді сыйламау сияқты сынға ұшырауын да күтемін. Дегенмен, түсінген адамға фильмдегі әр диалог өте жіңішке әзіл болып берілген. Басынан соңына дейін қыран-топан күлкі гарантия.

Нағыз қазақы комедия. Қазіргі қазақ қоғамы, қазіргі мәселелер, қазіргі әлеуметтік топтар, қазіргі таныс жағдайлар. Бұл фильмде шынымен бәрін көруге болады. Күлкі арқылы елдегі мәселелерді де көрсете алған. Мысалы көпбалалылардың баспана мәселесі, харакири арқылы тіл мәселесі, полиция-қылмыскер қатынастары, мәдени зиялылардың да қазақы понттары, желідегі лайкомания, банктен кредит мәселесі, той-бизнестегі дилетанттар сәтті әжуаланған. Маған фильмнің осы идеясы ұнады. Бұл жағынан сценаристерін құттықтау керек.

Актерлар құрамы да жақсы таңдалған. Сценаристердің идеясын жас актерлар жақсы жеткізе алды деп ойлаймын. Вайнер Нұрлан үшін де сәтті дебют болған сияқты, өз образын жақсы алып шықты.

Саундтректері де керемет. «Эй, лапылда» әні арқылы Назарбек жалпы бұл фильмді алдын ала жақсы жарнамалап болды. Оған кейін Ru-Me-дің тамаша музыкасы қосылды. Продюсерлер музыка бойынша жақсы таңдау жасаған.

Жалпы түсірілімі де сауатты шыққан. Соңғы кезде шыға бастаған қазақстандық фильмдер тек үкімет ақшасына ғана емес, инвесторлар арқылы да фильм түсіріп, касса жинауға болатынын дәлелдеп келе жатыр. Бұл жақсы үрдіс. Қазақ киносы үшін қуануға болады бұл тұрғыда. Сол тізбектің бір жалғасы деуге болады "SuperТой" фильмін.

Күлуі қиын мен сияқты адамды күлдіре алған болса – фильмді сәтті комедия деуге әбден болады. ;)

Пікірлер