• Біздің парақшалар:

«Hello ауыл» фильмі онлайнға шықты

2015 жылғы 30 желтоқсан күні Облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Оңтүстік жастары» жобасы аясында түсірілген «Hello ауыл» бейнефильмнің тұсау кесу рәсімі өтті.

Бейнефильмнің мақсаты: «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламаны насихаттап, жастарды салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақыру, оларды патриоттық рухта тәрбиелеу және отандық киноиндустрияның дамуына жастардың да үлес қосуына жағдай жасау.

Туындыда жастардың өмірі кеңінен суреттеліп, бас кейіпкердің диплом алып, мемлекеттік «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында алғашқы еңбек жолын ауылда бастауынан басталады. Қала баласының бейтаныс ауылға үйренісіп кетуі оңайға соқпағанымен, бастауыш мектепте мұғалім болу оның өмірлік принциптерін өзгертіп, өмір ағысын басқа бетке бұрады. Балаларға қаладан футболист-жаттықтырушы досын шақыртып, футбол ойнап, саламатты өмір салтына тәрбиелейді. Қызығы, жас жігіт шет елден келген оқуға шақыруды қабылдай ма, жоқ әлде, бас тартып ауылдың гүлденуіне үлес қосуды таңдай ма?!

Фильм Оңтүстік өңірінде танымал жұлдыздар мен жас жайдарманшылардың, ауыл тұрғындарының қатысуымен түсірілген.

Тұсау кесу рәсімінде облыс әкімінің орынбасары Е.Қ. Айтахановтың атынан фильмде басты рөлде сомдаған азаматтар алғыс хатпен марапатталды.

Фильмнің режиссері, белгілі актер, бұрынғы Жайдарманшы– Орынбаев Шапағат Шойбекұлы

Белгілі актер, «Шаншар» әзіл-ысқақ театрының әртісі –Жүсіп Ақшора

Түсірілім жұмысына, ерекше көмек көрсеткен анамыз Аманқұлова Айна Умаралиқызы

Құрманай Бақтиярқызы 

Басты рөлді сомдаған - Жолдасов Бағлан Болатбекұлы

Басты рөлді сомдаған  - Әзиза Әбдіқызы

Олжас Садуақасұлы /«Томпақ» және т.б. бейнефильмдерге түскен жас актер/ 

Шараға Оңтүстік Қазақстан облысы білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының өкілдері, қаланың белсенді жастары мен Жастар орталықтары мамандары, 200-ден астам студент жастар қатысты. Алдағы уақытта бейнефильмді аудан, қалалардың жастарына және телеарналар мен әлеуметтік желілерде кеңінен таратып, көрермен назарына ұсыну жоспарлануда.

Аталған бейнефильмнің шығармашылық тобы:

Фильмнің режиссерлары: Шапағат Орынбаев және Арман Әбдеш
Операторы: Жандос Балабиев
Сценарий авторы: Алмас Тоқабаев
Композиторы: Бабыржан Ходжакулов
Әкімшілік топ: Есен Шондыбаев, Керімхан Мырзақұлов, Азамат Орманбай
Монтаждық топ: Жандос Балабиев, Мейіржан Тайман, Қайрат Пашаров

Сонымен қатар, түсірілім топ Дәнекер Оразбайға, «Талас фильм» студиясына, «Шаңырақ продакшн», «Әділ фильмс», «Шоу магнат», сазгер Махмуд Урумбаевқа, «Мотор видео» , «Жалын Продакшн», «Мақтарал» футбол клубына және  ерекше М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің проректоры Байболов Қанат Сейтжанұлына және оқу орнының жастар орталығының директоры Исахов Мағжан Шыңғысұлына алғысын білдірді.

«Hello ауыл» онлайн:

Пікірлер