• Біздің парақшалар:

Түріктің "Ұзын хикая" фильмі астаналықтарға тегін көрсетіледі

2017 жылы Түркия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық байланыстың орнағанына 25 жыл толып отыр. Осы атаулы оқиғаға орай, Түркияның Қазақстандағы елшілігі мен Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы "Айлық түрік фильмдері күні" атты шара ұйымдастыруда.

Шара аясында Астаналық киносүйер қауым ай сайын бір түрік фильмін көре алады. Наурыз айында «Соңғы хат» атты түрік фильмін тамашалаған Астаналық көрермендердің назарына 22 сәуірде атақты түрік жазушысы Мұстафа Кутлуның шығармасына түсірілген "Ұзын хикая" атты фильм ұсынылады.

Аталған фильмде басты рольді түріктің танымал актері Кенан Имирзалыоглу ойнайды. Кенан Имирзалыоглу дегенде елең етпейтін жан жоқ болар. Оның есімі қазақстандық көрермендерге «Асау жүрек» телехикаясындағы Юсуф Мироғлы рөлі арқылы арқылы кеңінен таныс. Сондай –ақ ол «Эзел» және «Карадайы» телехикаяларында да басты рольдерді сомдаған.

Фильм 1940 жылдары Болгариядан Ыстамбұлға көшіп келген Булгариялы Алидің хикаясы төңірегінде өрбиді. Мүнире (Туче Казаз) атты қызға ғашық болып, екеуі үйленеді. Әділеттілік пен теңдікті ту етіп ұстанатын Али мен Мүниренің және ұлдары Мұстафаның өмірі теміржол бойында өтеді. Қоныс тепкен жерлерінің барлығында кейіпкерлер шытырман оқиғаларға тап болады. Фильмнің продюсері - Осман Сынав.

Астаналықтар мен қала қонақтарын ақысыз көрсетілетін фильмді тамашалауға шақырамыз.

Күні: 22 сәуір.

Уақыты: 17.00

Мекен –жайы: Астана қаласы, Достық көшесі 9, «Керуен» ОСО

Кинопарк, 4 зал.

Байланыс: 8 777 533 91 30

Пікірлер