• Біздің парақшалар:

Влогбастер: "Ара" франшизасы туралы

«Пила», немесе «Saw» - кино тарихындағы ең кассалы хоррор-киносериал. Фриншазаның 6 картинасы шыққаннан кейін прокаттан көп табыс тапқан үрейлі серия ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Франшиза әлем бойынша 873 млн доллар жинап, үрейлі жанрдың классикасы саналатын «Жұма, 13-і», «Шегіршін көшесіндегі сұмдық», «Хэллоуин», «Техаста бензин арамен болған қырғын» секілді хоррор киносериалдарды басып озды. 

Фотода: Джеймс Ван, Ли Уоннел / Frazer Harrison/Getty Images North America /2010/

«Saw» - қазақша аударғанда «Ара» дегенді білдіреді. Идея авторлары – Австралия киногерлері Джеймс Ван мен Ли Уоннелл. Екеуі Мельбурнде киномектепте танысқан. Емтихан жұмыс ретінде бірігіп «Ара» фильміне сценарий жазады және сол бойынша қысқаметраж түсіреді. Олардың жетекшілеріне фильм ұнағаны соншалықты, осы эпизодты Голливудқа жібереді. Бірнеше айдан кейін жауап келеді. Ван мен Уоннелл Голливудқа шақырту алып, сол сценарий бойынша толықметр кино түсіруге ұсыныс алады. Бір жақсысы, продюсерлер екі маманға шығармашылық еркіндік береді. 

Жобаға небәрі 1,2 млн доллар бюджет бөлінеді. Фильм толықтай бір павильонның ішінде түсірілді. Актерлердің көпшілігі Канаданың сериалдарында ойнаған аса танымал емес адамдер еді. Тіпті сценарист Ли Уоннеллдің өзі актер ретінде қатысып қоймай, кейбір көріністерде өзге актерлердің дублері міндетін де атқаруға мәжбүр болды. Түсірілім 18 күнге созылған. 

Жоба бастапқыда «аз бюджетті тәуелсіз кино» деп қарастырылды, сондықтан үлкен табысқа үміт те артпаған еді. Фильмді бірден DVD нұсқада тарату жоспарланды, үлкен прокатқа үміт артылған жоқ. Алайда фильмнің табысты тағдырын «Санденс» кинофестивалі анықтап берді. Осы кинофорумда алғаш рет көрсетілгеннен кейін жақсы пікірлер жазылып, оның танымал болуына себеп болды. Голливуд үшін микробюджет саналатын 1,2 миллион доллар 85 еселеніп қайтып, әлем бойынша 103 миллион доллар табыс әкелді. 

Бүгінгі таңда франшиза 8 кинофильмнен тұрады:

Конструктор рөліндегі Тобин Белл

Фильмдерде Конструктор, немесе Ара атанған маньяктың өзге кейіпкерлер үшін ойлап тапқан тым қатал ойыны көрсетіледі. Ол құрастырған тұзаққа түскен адамдар аса қатыгездікпен өлтіріледі немесе ауыр құрбандықпен, үлкен қиналыспен аман қалады. Сондықтан да көріністер көрерменнен үлкен психологиялық шыдамдылықты қажет етеді. 

Ал сізге бұл франшиза ұнай ма?

Назарларыңызға рахмет. Коммент қалдырыңыз, арнаға жазылыңыз.

Пікірлер