• Біздің парақшалар:

Мен ұсынатын 10 үздік дорама

Корей дорамаларын үзбей қараушы ретінде бір жазба жаза кетсем деп ойладым. Сонымен, мен ұсынатын "Үздік 10 корей сериалы".  Бұрындары романтикаға толы, жылап көретін сериалдарды қарайтынмын. Қазір көз-қарасым қатты өзгеріп кетті. Менің бір байқағаным кәрістер детективті жақсы түсіреді екен, тек детективтерін іздеп жүріп қарайтын жағдайға жеттім :).

1. Поющие в терновнике. Осы сериал мені Хан Хе Джин мен Ким Мин Чжон актерлығына ғашық қылған шығар. Сериалдың сценариі мықты, актерлық құрам мен актерлардың ойыны керемет. 2011 жылы түсірілген сериал болса да әлі күнге мен үшін ең мықты сериал. Жылап отырып, өмірдің әділетсіздігін, адамдардың қатыгездігіне күйіп кетесің. Негізі эмоцияға толы сериал.

2. Күн ұрпақтары / Потомки солнца. Маған Сон Чжун Кидің ойыны, образы ұнады. Өмірде осындай жігіттер барына сенгің келмейді. Ақылды, батыл, батыр, әзілкеш, романтик, тактик, мейірімді, о боже, өмірде осындай жігіттер бар ма өзі? Осындай арман болған жігіттің образы күшті берілген. Тіпті әзілкеш жігіттен керек кезде сондай батыл, мойымайтын ер жігіттің пайда болуы таңқалдырды. Жалпы сериалдың желісі ұнады. Романтика, боевик, мотивация бәрі бар. Негізі өте жақсы сериал.


3. Лунные влюбленные. Бұл сериал туралы ұзақ жазуға болатын шығар. Мен негізі тарихи дорама қарағым келмейді, бірақ осы сериалдан кейін ойым өзгерді. Сериал желісі, актерлар құрамы, әзілдері, фантастикалық жағдайлары бәрі ұнады. Аяқ асты сондай бір ханзадалар ортасына тап болғың кеп кетеді. Ли Джун Ки түскен сериалдар мен кинолардың біразын қарап шықтым, актер расымен талант. IU тым нәзік қыз, бірақ сондай әдемі, бір қылығы адамды тартып тұрады.  Ханзадалардың бәрі ұнады, берілген рөлді бәрі жақсы алып шыққан.

4. Туннель. Басы фантастикалық болғанымен сериалдың сценариі өте жақсы. Адам өлтіргіштердің психологиясын анықтау маған осы сериалдан бастап ұнады. Сериалды қарап шығуға кеңес берем. Чхве Чжин Хёк тамаша актер, күлкісіне қарай бергің келеді.

5. Жоғарыдан берілген мүмкіндік / Дар небес 14 дней. Дететивтік жанрда түсірілген тағы бір жақсы сериал. Ана махаббатының күшінің тағы бір керемет көрінісі.

6. Айыпталушы / Подсудимый. Сценариі ұнаған тағы бір мықты сериал. Адамның қолынан ештеме келмеген кездегі күй жақсы берілген.

7. Қылмыскер сияқты ойлау / Мыслить как преступник. Бұл сериалдың көшірме екенін білем, бірақ, Канадалық сериалдан өз ерекшелігі бар. Ол адамдардың эмоциясын беруі. Ешқандай махаббат оқиғасы мен жылайтын нәрсесізде жақсы сериал түсіруге болатынына дәлел сериал. Көріңіздер өкінбейсіздер. Ли Джун Кидің тамаша ойынына тағы бір рет куә боласыз.

8. Сен ұйықтап жатқанда / Пока ты спала. Соңғы қарап жүрген сериалдарымның ішінде ұнап жатқаны осы сериал. Сюзи ұнайды. Актриса, әнші, инстаграмдағы суреттерін қарауға тұрарлық қыз ретінде ұнайды. Сериалдың детективтілігінен гөрі романтикасы ұнады. Сериал әдемі, оқиғасы күшті.

9. Менің керемет қалыңдығым / Моя прекрасная невеста. Боевикке толы сериал. Негізі күтпеген оқиғалар желісімен адамды баурап алады, қарап шығуға тұрарлық жақсы сериал.

10. Повелитель солнца. Қорқынышты оқиғасы мен күлкілі сәттері әдемі үйлескен жақсы сериал. Кон Хе Чжин әдемі болмаса да өзіндік тартымдылығы мен актерлық таланты жақсы актрисалардың бірі.

P.S. Ессіз ғашықтар / Безрассудно влюбленные. Әдемі актерлық құрам. Ким У Бин мен Сюзидің дуэті түседі деген кезде асыға күткен сериалым болды. Сериалдың оқиғасы әдемі, бірақ сериалдың аяқталуы ұнамады. Им Чжу Хван мен Им Чжу Ын екеуі де ұнайды. Осынша әдемі, мықты актерлар түскен сериал жүрегімде орын ала алмады. Бірақ қарауға тұрарлық сериал, себебі тура осы сериалдағыдай Ким У Бин қазір ауырып жатыр. Бір түрлі өкініш бар.

Пікірлер