• Біздің парақшалар:

"Алтыншы бекет" туралы 6 факт

Қазір кинотеатрларда көрсетіліп жатқан отандық "Алтыншы бекет/Шестой пост" фильмін көрген шығарсыздар. Егер көрмесеңіздер, міндетті түрде көрулеріңізді сұраймын! Иә, актерлар жас, кинодағы тәжірибелері өте аз. Десе де осы жастар жауапкершілігі ауыр жүкті алып шықты.

ҚР Ұлттық Ұлан мен режиссер Серікбол Өтепбергенов бірлесе "Батыралар біздің арамызда" слоганды арқау етіп, Қазақстандағы оқиғаны барынша әсерлі жеткізген. Көңілімнен шығып, бүгін "Алтыншы бекет" отандық фильмдер тізімінде көш бастады. Мен үшін. Меніңше, мұндай оқиғалар ашық көрсетілуі керек. Дін, отан алдындағы борыш, махаббат... бәрі өте нәзік темалар. Осыларды бірге иіріп әкеткен мамандарға риза болып отырмын. Сюжетті егжей-тегжейлі баяндамай-ақ қояйын. Просто, дәл осы фильм туралы білуіміз керек 6 фактты ұсынайын. Сонымен:

1. Басты рөлде сомдаған актер Жасұлан Өмірбек Алматы облысындағы Заречный ауылында орналасқан қатаң режимдегі колонияда таң атқаннан кеш батқанға дейін бронжилетпен заключенныйлармен бәрге жұмыс істеген. Сондай-қ, бірнеше күн бір адамдық камерада қатаң режимде өмір сүрген. Сол жақтың жаргоны, сол жақтың "движняктарын" көрсету үшін, аурасын өзгеге сезіндіру үшін осындай қадамға барған екен. Ал Санұржан Сүлейменов контроллерлармен бірге бірнеше күн казармада тұрған. 

2. Фильмдегі спец операцияларға екі мыңнан астам әскери қызметкерлер қатысқан. Түсірілімге жарты жыл кеткен. Жалпы кадр 200 сағатты құрайды екен. Ал фильм 96 минуттық. Айыптарын өтеушілердің қашқан сценасын үш күн қатарынан түнде түсіріпті.

3. Оқиға 2010 жылы Маңғыстау облысында болғанымен фильм Алматы облысында түсірілген. "Географияға назар аудармадық. Ол Ақтауда болсын, басқа жерде болсын барлық аймақта осындай оқиғалардың болуы мүмкін. Сондықтан акцентті географияға емес, әскерилердің ерліктеріне түсірдік" дейді фильм режиссері Серікбол Өтепбергенов.

4. Фильмде ешқандай спец эффект қолданылмаған. Жарылыс, өрт, атыс барлығы шынайы түсірілген. Танк, вертолет, қару-жарақ бәрін шынайы қолданған.

5. 2010 жылы 21 маусымда қатардағы Ербол Отарбаев пен ОҚО-дағы Қазұғырттың баласы екеуін Ақтаудағы әскери бөлімшеге шақырылады (ну, әскери борышын өтеу үшін). Сол кұні екеуі Ақтаудағы қатаң режимде қорғалатын колонияны күзетуге бұйрық алады. Ол жердегі барлық әскерилер 3 сағаттан күзетіп, орын ауыстырып отырған. Ерболдың кезегі түнгі 3-6 арасында түскен. Осы кезде таңғы сағат 4-6 арасында колониялағы трансформатор өртеніп, жарықтар бірден сөніп, жазасын өтеушілер қашып, күзетшілерге оқ жаудфра бастайды. #6пост-ты күзетіп тұрған Ербол оларға тосқауыл болу үшін оларға қарсы шыққанда ауыр жарақат алып, есін жоғалтады. Ну, есінен танғанша барынша жазаланушыларға тосқауыл болады. Осы ерлігі үшін Отарбаев Президент қолынан ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталады. Айдын Отарбаев - дәл осы марапатпен марапатталған Қазақстандағы тұңғыш әскер.

6. Тәуелсіздік алғаннан бері Отан алдында борышын өтеп жүрген мыңға жуық әскер ерлікпен қаза тауыпты. Осыны ескере отырып, дәл осы түсірілім тобы мен ҚР Ұлттық Ұлан бірлесе Қазақстан әскерлерінің тәжік-ауған шекарасында болған соғыстағы ерлігі туралы шынайы оқиғаға негізделген фильм түсірілгелі жатыр екен.

P.S. Барыңыздар. Көріңіздер. Ерлердің ерлігінен хабардар болыңыздар)

Пікірлер