• Біздің парақшалар:

Оскар Марапаты

«Оскар» жүлдесі алғаш рет 1929 жылы тапсырылды. 1976 жылға дейін салтанаттың тікелей көрсетілімі «NBC» арнасы арқылы жүргізілді, содан бері бұл құқық «ABC» арнасына тиесілі. Қазіргі уақыттағы соңғы, мүсіндерді тапсырудың есеп бойынша 80-салтанаты 2008 жылдың 24 ақпанында, жексенбіде голливудтық «Kodak Theatre»-де өткізілді.
2007 жылдың басындағы мәліметтер бойынша Америкалық Киноакадемия 16 салаға бөлінген 5830 дауыс беруге құқылы мүшелерден тұрады. Актерлық сала ең басым болып табылады(1251 дауыс беретін қатысушысы бар). Әр сала өз категориясы бойынша дауыс береді(актерлар ең жаксы актерды, ең жақсы актрисаны және т.б. таңдайды). «Ең жақсы деректі фильм», «ен жақсы шет тіліндегі фильм», «ең жақсы грим», «ең жақсы кысқаметражды фильмдер», «ең жақсы дыбыс монтажы» және «ең жақсы арнайы әсерлер» категориялары бойынша жеңімпаздарды анықтау үшін киноакадемиядан тыс арнайы топтар құрылады.
Киноакадемияның барлық мүшелері тек бір ғана категория – «ең жақсы сурет» үшін дауыс береді.

Қазіргі уақытта «Оскар» 24 негізгі номинация бойынша тапсырылады:

Үздік жыл фильмі – 1928 жылдан беріҮздік жыл актері – 1928 жылдан беріҮздік жыл актрисасы – 1928 жылдан беріҮздік көмекші актер – 1936 жылдан беріҮздік көмекші актриса – 1936 жылдан беріҮздік толықметражды анимациялық фильм – 2001 жылдан беріҮздік суретші-қоюшының жұмысы – 1928 жылдан беріҮздік операторлық жұмыс – 1928 жылдан беріҮздік костюмдер дизайны – 1948 жылдан беріҮздік режиссура – 1928 жылдан беріҮздік толықметражды деректі фильмҮздік қысқаметражды деректі фильмҮздік монтаж – 1935 жылдан беріҮздік шет тіліндегі фильм – 1947 жылдан беріҮздік грим – 1981 жылдан беріҮздік музыка – 1934 жылдан беріҮздік ән – 1934 жылдан беріҮздік қысқаметражды анимациялық фильм – 1931 жылдан беріҮздік қысқаметражды көркем фильмҮздік дыбыс -1930 жылдан бері (3-ден 41-салтанатқа дейін 1930-1968 жылдар аралығында студиялар марапатталды, 1969 жылдан бастап дыбыс жазушы адамдарға берілетін болды)Үздік дыбыстық монтаж – 1963 жылдан беріҮздік визуалдық әсер – 1939 жылдан беріҮздік сценарий-бейiмделу – 1928 жылдан беріҮздік бiртума сценарий – 1940 жылдан бері

Қызықты мәліметтер:Биіктігі 34 см, салмағы 3.85 кг Оскарлық мүсін алтынмен қапталған британийден құйылған жане қара мрамордан жасалған постаментте жатыр. Ол ленталық бобинада тұрған қылышты батырды бейнелейді. Аңыз бойынша, «Оскардың» бейнесін ойлап тапқан Седрик Гиббонс іш пыстыратын бір жиналыста оның эскизін қойын кітапшасына түсіріпті. Академияның құрамына 6000 нан аса адам кіреді. Қызыл кілемнің ұзындығы – 150 метрдей, ені – 10м. Ол әрқайсысы 135 кг-нан тұратын бірнеше орамадан тұрады, ал оның жалпы салмағы – 5 тонна. Кинотеатрға кілем салтанатқа 4 күн қалғанда екі үлкен жүк машинасымен жеткізіледі. Кілемнің бүкіл бөліктерін біріктіріп, қиылысқан жерлерін жауып, түзетіп төсеуге 2 күн және 21 адам қажет. Салтанат басы біткен соң кілемді жинай бастайды. Оған 4 сағат кетеді.
Кілемдерді жиектей орналастырылатын биіктіктері 2,5-тен 8 м-ге дейін жететін, салмақтары 550 кг болатын үлкен «Оскар» мүсіндерін әйнекталшықтарынан жасайды. Содан соң жұқа алюминий қабықшаларын жапсырады да сары бояумен бояйды. Оларды үнемдеу үшін алтынмен боямайды емес: арнайы сары бояу софит жарығында алтыннан да жақсы көрінеді. Жұлдыздар оындарынан жаңылыспауы үшін орындықтарға олардың суреті мен есімі жазылған тақташалар қойылады. Фильмде бірге түскен актерлар қатар отырғызылады, мұнымен қатар олардың жанұялық жағдайы ескеріледі: жұбайлары немесе сүйіктілері де жандарында болады. Жұлдыздарды да қатаң тексереді. Алдымен полиция жұлдыздар келген лимузиндарды тексереді, содан соң қызыл кілемге кіре берісте шақыру қағаздарын көрсетіп, металліздеушіден өтеді. Қазіргі уақытта номинанттарға берілген дауыстарды санау үрдісін Pricewaterhouse аудиторлық компаниясының мамандары жүргізеді.

 

 

Пікірлер