• Біздің парақшалар:

НАРУТО

Наруто Удзума́ки -- < НАРУТО>-- мангасы және аниме-сериялының бас кейіпкері. Автор американдық Shonen Jump журналына берген сұхбаттарының бірінде Нарутомен болған оқиғалар, оның жастайында болған оқиғаларға өте ұқсас екенін айтады: 

«Удзумаки» сөзі болса «иірім» немесе «шұңқыр» дегенді білдіруі мүмкін. Мангада шиыршыққа сілтемелер көп: Жапырақ Ауылының (Коноха) таңбасы-Нарутоның туған жері шиыршықпен қосылған жапырақтан тұрады. Нарутоның киімінің арқасында және иықтарында сонымен қатар оның тұрған үйінің есігінде шиыршық салынған. «Расэнган» — Нарутоның сиқырлы күштерінің бірі — сөзбе-сөз аудармасы «шиыршықты сфера». Оның ішіндегі Тоғызқұйрықты Пері-Түлкіні сақтап тұратын мөр — шиыршық тәріздес. Сонымен қатар шиыршық Нарутоның анасы — Кусинаның туған өлкесінің таңбасы.

Сюжет бойынша Наруто — Коноха ауылының бұрынғы басшысының ақшыл шашты және көк көзді баласы, ниндзя-жасөспірім. Оның әкесі тәуекелге бел байлап, ауылға шабуыл жасаған Тоғызқұйрықты Пері-Түлкіні Нарутоның денесінде тұтқындайды. Бала көп жылдар бойы өзінің ата-аналары кім екенін білмейді; шындықты білген үлкендер Нарутодан оның ішіндегі пері үшін қорқып, жақтырмайды. Бұл ол үшін қиын сынау болады, бірақ Наруто қалған дзинтюрикилерге қарағанда жалпы құрметке жетіп, ауылдың ен құрметті ниндзясы — хокагэ болуға бар күшін салады.

Бірінші бөлім

Манга сюжеті ниндзя Академиясының жетекшісі Мидзуки Нарутоны алдап, оны көптеген дзюцу жазылған сиқырлы бүктеме қағазының ұрлатуымен басталады. Ал бала болса өзінің жасына қиын клон жасау техникасын үйреніп алады. Бірақ ол таңертең ғана қарапайым клонды шығара алмайтын. Нарутоны інісі ретінде санайтын мұғалім, Ирука Уминоның арқасында Мидзуки ұсталынып, бүктеме қағаз табылды.   Бітіру емтиханы әзер тапсырып шыққан Наруто, қыздардың кумирі Саскэ Утиха және Сакура Харуномен бірге №7 командасына түседі. Команданың басшысы ретінде Какаси Хатакэ сайланады. Ең бірінші тапсырмасында — көп салушы Тадзунаны қорғау — қауіпті жаумен: Дзабудза Момоти және Хакумен кездеседі. Қатты қобалжығандықтан Наруто көп жылдар өткен соң сиқырлы күшін Тоғызқұйрықты Пері-Түлкінің күшін оятады. Оған қарамастан команда өзінің жауын жеңеді.         Көп кешікпей Конохада тюнин атағын алуға ашық емтиханы ұйымдастырылды. Бірінші жазбаша жаттығудан кейін №7 командасы одан да қиын — сойқандарға толы орманда аман қалу тапсырмасын өту керек болды. Конохада халықаралық қылмыскер Оротимару келіп шықты. Ол №7 командасына шабуылдап, Саскэнің мойынында антұрған мөр қалдырады. Оған қарамастан команда олардың сеніміне кірген Кабутоның арқасында келесі турға өту үшін керек екі жетіспейтін бүктеме қағазды тауып, тапсырманы сәтті аяқтайды. Ұйымдастырушылардың күтуіне қарамастан 3 турға көп қатысушылар өтеді. Олардың санын екі есе азайту үшін қосымша тапсырма ұйымдастырылады. Сол себептен олар жекпе-жекке шығады.   Наруто Киба Инудзука мен оның күшігін женіп шығады; Саскэ Ёрои Акадоны жеңде, ал Сакура мен Ино теңбе-тең болып, заң бойынша екеуіде келесі турге өтпейді. Келесі тапсырма тек бір айдан кейін өтетін болды, сол себептен әрбір қатысушы мықты жаттықтырушылардығ қолдарында жаттығуды бастады — Нарутоны атақты Санниндардың бірі — Дзирайя жаттықтырды. Ол «Коноханың сары найзағай» атты танымал төртінші хокагэ және Нарутоның әкесі — Минатоның жаттықтырушысы болған.                Үшінші тапсырманың мақсаты айналма жүйе бойынша қарсыласпен жекпе-жек күрес. Наруто өзінің бірінші қарсыласы — Нэдзиді жеңіп келесі қарсыласын күтеді. Кенеттен Оратимарудың бастамасында, Құм және Дыбыс ауылдарының ниндзялары Конохаға шабуыл жасайды, ал Жыланды Саннинның өзі Үшінші Хокагэге қарсы шығып, оны мерт қылады. Наруто болса өзі шақырған бақалардың патшасы Гамабунтамен бірге Гаараны иемденіп алған Бірқұйрықты Сюкакумен шайқасқа шықты. Бірақ шайқас сәтті аяқталды — Гаара құбыжықтың ерікін басып, Нарутомен достасты.       Коноханың ақсақалдар Дзираяның хокагэ болуын қалады, бірақ ол одан да жақсы келетін үшінші Саннин, Цунадэ бар деп сендірді. Наруто онымен бірге Цунадэні іздеуге сапарға шығып, Оротимрарумен қайта кездесті. Бірақ үш Саннинның шайқасында Оротимару жеңіліп, қашып кетті. Цунадэ болса Коноханы басшылық етіге келісімін берді. Көп кешікпей Итатиді өлтіру үшін жаңа күш ашқысы келген Саскэ ауылдан кетіп, Оротимаруға оқу ішн барады. Наруто болса Дзираямен бірге 2,5 жылға ауылдан кетіп, жаттығады.

 

Екінші бөлім

Екі жарым жыл өткен соң Наурто өзінің Дзираямен бірге саяхатынан туған ауылына қайтып келеді. Есейген Наруто Коноха оданда мықты және ақылды болып келеді, бірақ өзінің достарына қарағанда гэнин болып қалды. Ең бірінші күрделі тапсырмасы Акацуки ұстап алған Гаараны құтқару болды. Сакура мен Тиё Сасориді жойды, ал Наруто мен Какаси болса өзінің өлімін еліктеп қашып кеткен Дейдараны қуалады. Сяринганды көп уақыт қолданғаны үшін Какаси ауырып, емханаға жатты. Сол себептен Цунадэ жаңа төрттікті құрады — Наруто мен Сакурадан басқа командаға Данзомен лоббилендірілген сиқырлы «АНБУ» ұйымының мүшесі Сай және капитан болып сайланған хокагэнің қолындағы АНБУ ұйымының мүшесі Ямато кірді.        Осындай құраммен олар қайтыс болған Сасоридің айтуымен, бұрын Оратимаруға жіберілген тыңшымен көпірде кездесуге барады. Ол тыңшы шын мәнінде Сасориді сатып кеткен Кабуто болып шықты. Бұл операция ойдағыдай болмады: АНБУ мүшелері туралы Дандзо жинаған ақпаратты беріп, Оротимарудің сеніміне кіреді, ал Ямато мен Сакура болса Нарутоның ашуланғаны үшін оны жаулап алған Тоғызқұйрықты Пері-Түлкі басуы міндетті болды. Ол үшеуі өзінің қарсыластарын аңдып артарынан барады: олар Сайдің негізгі мақсаты — Саскэні өлтіру болғанын түсінеді. Бірақ Саскэ Оротимару және Кабутомен қашып, Сай ол тапсырмасын орындай алмайды. Кейіннен Сай олардың арасындағы сезімді түсініп, Саскэні Конохаға бар күшін салып қайтарғысы келетіні туралы жариялады. Аяғында ол командада қалды.  Жазылған Какаси Яматомен бірге Нарутоға өзінің Расэнган техникасын Жел күшімен жетілдіруге көмектеседі. Осы техниканың көмегімен ол Какудзоның бес жанының екеуін жапырды. Осы оқиғадан кейін Конохаға Саскэ Оротимаруді өлтіргені туралы хабар келді, сол себептен Цунадэ Утиханы мемлекет шекарасында табу үшін арнайы топ құрды. Иісін сезген Киба мен Акамарудің арқасында олар Саскэнің ізінмен барды. Бірақ Саскэ мен Итатидің шайқасы біткенше дейін Тоби олардың жолын жапты. Кейіннен Тоби Саскэні Акацукидің ұясына алып кетіп, шолу тобының міндетін орындалусыз қалдырды.        Дзираяның қайтыс болғаны белігілі болғанда Наруто сэндзюцуді үйренуге және Дәпуіш Режимін игеруге Фукасаку атты бақамен Мёбоку тауына барады. Біраз уақыт өткен соң Конохаға Пэйн мен Конан шабуыл жасайды. Оны естіген Наруто ауылға қайтып келіп шайқасқа шығады. Пэйннің соңғы, алтыншы пішінімен күресу барысында Нарутоның сегізінші құйрығы шығып, оның соқыр сезімінде Төртінші Хокагэнің бейнесі пайда болып, оның ата-аналары туралы сиқырды ашып, баласының есін жиуына көмектесіп, 15 жыл бұрын Конохаға Түлкінің жабылуының артында Акацукидің басшысы тұрғанын хабарлады. Содан соң Наруто Пэйннің алтыншы пішінін жойып Нагатоны табады. Өзінің қателігін түсініп, Нарутоның арқасында өзінің бейбітшілік туралы арманын еске түсірген Нагато, оның Конохаға шабуыл жасағанда қайтыс болған барлық адамдарды қайта тірілтіп, қайтыс болады. Конан Акацукиден шығып кетеді.           Бес Кагэнің Кеңісі өтетін болғандықтан Наруто Какаси және Яматомен бірге Саскэнің халықаралық қылмыскер екені туралы жарияламауы үшін Төртінші Райкагэмен кездесуге барады. Бірақ Саскэ Райкагэнің інісіне шабуылдағаны үшін қабылдамады. Бір түні бір неше минутқа ауысып келген Тоби Нарутоға Итати туралы барлық шындықты айтып береді. Басы-қасында болған Какаси мен Ямато бұл мағұлматты құпияда ұстайды. Саскэнің бес Кагэ Кеңесіне жабылып, Дандзоны өлтіргеннен кейін оны Наруто сэндзюцу арқылы тауып Саскэмен шайқасқысы келетіні туралы жариялайды, бірақ Саскэні Тоби қайтадан Акацукидің ұясына алып кетеді.               Пэйннің шабуылынан кейін терең ұйқыға түскен Цунадэ есін жиіп, Бес Кагэ Кеңесі қайта өтеді. Бұл кеңесте олар екі қалған дзинтюрики, Киллер Би мен Нарутоны мұқият қорғалатын тасбақа-аралда тығу шешіміне келеді. Наруто Киллер Бидің қарауымен жаттығып жатқан кезде, оның соқыр сезіміне Кусина Удзумакидің бейнесі пайда болады. Ол Конохаға Түлкінің шабуылы туралы түп-түгел айтып шығады. Кейіннен Наруто толықтай дерлік Түлкінің қуатын басып алады — ол өзіне жаңа күш ашады, олардың қатарына басқалардың сезімін сезу жатады. Оның көмегімен ол Киллер Бидің Самэхадесында тығылған Кисамэні сезіп, табады: ниндзялар оны ұстап алады, бірақ ол арал туралы мағұлматты Акацукиға жіберіп, өзіне қол жұмсайды. Уақыт өткен сайын Наруто басқалары одан бірдеңені бүркемелеп жүргенін сезіп, оларды қорғау үшін тізілгенді жеңіп, Киллер Бимен аралдан қашып кетеді. Басында қарсыластармен шайқаста олар Дзэцу шығарған синобилардың клондарын жеңеді, бірақ содан кейін Кабуто тірілткен Нагато және Итатимен кездеседі. Нарутода тығылған Кото Амацуками техникасымен, Итати Кабутоның қолынан босап Нагатоны жеңеді. Нарутоның клондарының бірі Гаара және Оонакиге көмекке барып, тірітілген Кагэні жеңеді. Нарутоның клондары барлық жасақтарға көмекке келіп, Дзэцудің әскерлерімен және тірілген ниндзялармен шайқасқа шығады. Дәл сол кезде Наруто мен Киллер Би Тоби және оның Пэйннің алты жолымен шайқасқа шығады.             Шайқас барысында Наруто Курамамен тіл табысады және ол оған өзінің күшін сыйлайды. Наруто трансформацияның жаңа түріне ие болады — Бидзю нысаны. Оның көмегімен ол Тобидің қолындағы тірілген дзинтюрикилердің жанын босатып, олардың соқыр сезімінде олармен және олардың иегерлеріміне келісім шартқа отырады. Кураманың күшін және Какасидің қулығын пайдаланып, ол Тобидің маскасын сындырып, жасырынушы Обито Утиха екенін біледі.  Обито және оған қосылған Мадара Утиха Дзюбиді тірілтіп, операцияның штаб-пәтерін жояды. Нәтижесінде Сикаку Нара және Иноити Яманака қайтыс болады; Синоби Альянсының Мадара және Обитомен шайқасында Хюго Нэдзи да қайтыс болады. Обито Альянс жаққа ауысып, Дзюби Құдай Ағашына айналып, Мадара Кураманы Нарутодан шығарған соң ол қайтыс бола жаздайды. Ең бірінші болып көмекке келген Сакура, өзінің медициналық қабілетімен оның жүрегінің тоқтауының алдын алады. Бірақ, кейіннен Мадара «Ай Көзін» іске асырады, ал мәңгілік Цукуёмиге батпаған тек Сакура, Саскэ және Какаси болады. Өзінің соқыр сезімінде Наруто Хагоромо Ооцуцуки (Рикудо Сеннинмен) кездесіп, алты бағыттың данышпанының күшіне ие болады. Оның көмегімен ол сегіз қақпаны ашқа Майто Гайдің өмірін құтқарады. Кейіннен ол Мадарамен шайқасқа шығып, қиыншылықпен жеңіп шығды.

 

Пікірлер